ТОҚСАН БИ

ТОҚСАН БИ

(XVIII-XIX)

Тоқсан Жабайұлы XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген. Тоқсанның әкесі Жабай би Омбы, Томск жағындағы Керейдің алдай руына билік құрып, атақты ел басшысы болған. Ал, Жабайдың әкесі Қара би де кезіндегі Керей руының атышулы биі екен. Қара би атасы Тоқсанның билік құрып, шешендік жолына түсуіне көп септігін тигізген.
«Қазақтың би-шешендері» атты кітапта Тоқсанды Қара бидің ұлы деп берген (Алматы, Жазушы, 1993, 356-б). Бұл қате пікір. Оның дәлелі: Тоқсан туралы ел аузындағы сөздердің бәрінде де Тоқсанның әкесі Жабай би, Жабай бидің әкесі Қара би делінеді. Бұған дәлел: ел аузында мынандай сөз бар. Қара бидің баласы Жабай би өлерінде екі баласы Сексен мен Тоқсанға «Сексен, саған ерлігімді, Тоқсан, саған әкем Қара биден қалған билігімді бердім» — деп өсиет айтып кеткен екен.
Тоқсан би жасынан ел аралап, өз кезінде беделді би-шешендермен кездесіп, сындарға түсіп, шешендік өнерді жастайынан өзіне серік еткен. Сондай-ақ, Тоқсан қазақтың атақты билері Киікбай би, Қалқаман би, Нұрым төрелермен кездесіп, аты шулы ақпа шешен ретінде танылған. Қазір нақты Тоқсан би айтты деген сөздердің жиырмадан астамы қолда бар. Оның көбі шешендік толғау, арнаулар, сондай-ақ дау, билік турасында болып келеді. Оның шығармаларында өз дәуірінің ащы шындығын ақтарып, заманын батыл сынаған тұстары да баршылық.
Тоқсан би шығармаларының басты тақырыбы — өз заманының әр алуан оқиғалары.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *