БАЙСЕРКЕНІҢ БАҚҰЛДАСУЫ

БАЙСЕРКЕНІҢ БАҚҰЛДАСУЫ

Байсерке абыз жүзден бірер жыл асқан тұста Ертіс пен Есіл аралығындағы елдердің жақсысы мен жайсаңы абыздың үйіне жиналады. Ойлары жүзден асқан аяулы қарттың көзі тірісінде бақұлдасу екен.
Сонда абыздан «Дүниеден не сый көрдіңіз?» — деп сұрағанда:

Дүние деген — бір қу екен,
Заһары күшті у екен.
Тұрағы жоқ бірінің,
Ағып жатқан су екен.
Біреуі елеп ермейді екен,
Қалағаныңды бермейді екен.
Әбден тонап алған соң,
«Кет» деп қолын сермейді екен.
«Кет» деген соң,
Жатырмын кетейін деп.
Уа, жұртым! Уа, бауырым, амандастым.
Келмейтін ұзақ жолға қадам бастым.
Бәрінен ғафу сұрап, үлкен-кіші,
Ақырғы лебізіммен мен қоштастым! –

деген екен [6].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *