ЖАЙЫМБАЙ ДАТҚАҒА АЙТҚАНЫ

ЖАЙЫМБАЙ ДАТҚАҒА АЙТҚАНЫ

Бір ауылда жесір дауы болып, қоңырат Жайымбай датқа мен Байсерке абыз шақырылады. Осы жиында Жайымбай Байсеркенің бетін қайтармақ болып:

Құлақ-мұрны жоқ шұнақ абыз,
Жал-құйрығы жоқ шолақ абыз,
Сен де келгенсің бе билікке? –

депті.
Сонда Байсерке мүдірместен:

Әй, Жайымбай, өзің де, тілің де жайындай екен,
Құлақ-мұрным жоқ болса, сұңқар шығармын.
Жал-құйрығым жоқ болса, тұлпар шығармын.
Біреу – құстың бұлбұлы,
Біреу – жылқының дүлдүлі.
Халықта атқа мінер ұл туса,
Ол – менің ұлым.
Ал, халықта бар байлық болса,
Ол – менің пұлым.
Ал, сен, малым көп деп тасыма,
Оның бір дерттік.
Жайымбай малмен бірге өледі,
Байсерке абыз халықпен бірге жасай береді, —

деген екен [2, 206-б].
ІЛГЕРІ БАСҚАН АДАМҒА

Ілгері басқан адамға,
Ырыздықты ырыс қонар,
Ынтымағы дұрыс болар,
Баласы епті келер,
Келіні епті келер,
Қызы қылықты болар,
Ағайыны қоғам болар [3, 311-б].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *