«КӨП ЖАМАНДЫ НЕ ЕТЕМІЗ?»
Байсерке абыз Желке бимен дос болған. Араларында біраз уақыт қатынас үзіліп, Байсерке досын іздеп келсе, Желке бидің жетісін беріп жатқан күні үстінен түсіпті. Амандасқан абызға үй толған ақсақалдар мән бермейді, орын да ұсынбайды. Сонда Байсерке абыз:
Жәке, Жәке, Жәкеміз,
Әзірге сұлтан екеміз.
Тірі ме деп шығып ем,
Айырылып қалған екеміз.
Бір өзіңді мыңға балаушы ем,
Қалған көп жаманды не етеміз, —
деп шығып жүре берген екен [3, 312].
БӘЙГЕГЕ АТ ҚОССАҢЫЗ
Бәйгеге ат қоссаңыз,
Шабысы білмес, бақ білер.
Артқы айылдың батқанын,
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін
Ширатпалы тақ білер.
Қызыл тілдің қадірін,
Қаусырмалы жақ білер