Таратушы бөлімі
Аксон – дендриттермен жиналған және нейронда өңделген ақпаратты өткізуге бейімделген цитоплазманың өсіндісі. Аксонның сырты миелинді қабықпен қапталған, оның тармақталған ұштарында митохондрий және секреторлық құрылым болады.
Нейрондар қызметі:
жүйкелік серпіндерді (импульстерді) тарату;
ақпаратты қабылдау, сақтау және өткізу (беру);
қоздырушы және тежеуші сигналдарды жинақтау қабілеті (үйлестіру) Нейрондар түрлері:
1) орналасуы бойынша:
а) орталықтық (бас миы мен жұлын);
б) шеткергі ( милық түйіндер, бас жүйкелері) 2) атқаратын қызметіне байланысты:
а) афференттік (сезгіш) – қабылдағышта туған қозуды орталыққа жеткізеді;
б) қондырғы (аралық) – сезімтал нейрондардан шыққан ақпаратты
(серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді;
в) эфференттік (қозғалтқыш) – жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Жұлынның алдыңғы ашасында қозғалтқыш, ал бүйір ашасында сөліністік (секреторлық) нейрондар орналасады.
әсер етуіне байланысты: а) қоздырушы;
б) тежеуші.
медиаторлар табиғатына және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты: а) холинергиялық;
б) адренергиялық;
в) гистаминергиялық;
г) дофаминергиялық және т.б.
нейрон қабылдайтын тітіркендірудің сапасына байланысты: а) мономодальді (жеке);
б) полимодальді (көп).