ЕҢБЕК, КӘСІП ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

                   

Еңбке түбі –береке,
Көптің түбі –мереке.

Бейнет,
Бейнет түбі –зейнет.

Еңбек етсең –емерсің.

Рахат түбі –кейіс,
Бейнет түбі –кеңіс.

Ер дәулеті –еңбек.

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Ер еңбегіне бір тойсы.

Бейнетің қытты болса,
Татқаның тәтті болар.

Қолы қимылдағанның,
Ауызы қимылдар.

Еңбегіне қарай, өңбегі.

Жас кезімде бейнет бер,
Қартайғанды дәулет бер.

Еңбек ерлікке жеткізер.
Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбек ет те, міндет ет.

Көп еңбегі –көңілді.

Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болар.

Еңбек –ширатады,
Өмір-үйретеді.

Кетпен шауып өлгем жоқ,
Кемтаршылық көргем жоқ.
Таңмен таласа тұрғанның,
Талай ісі бітеді.
Тал түске дейін жатқанның,
Талай ісі кетеді?

Еңбек пен бақыт егіз.

Еңбеккер
Ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек
Ұйқыдан қирап тұрады.

Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі.

Еңбек түбі-қуаныш,
Сауда түбі-реніш.

Еңбекте қорлық жоқ,
Шындықта зорлық жоқ.

Еңбегіне қарай-құрмет,
Жасына қарай –іззет.

Халық-қазы,
Еңбек –таразы.
Еркін еңбек-
Баршаны жеңбек.

Кедейлік кетсін десең,еңбек ет.
Молшылық жетсін десең,еңбек ет.

Еңбексіз өмір жоқ
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Көз қорқақ
Қол батыр.

Күшіңе сенбе
Ісіңе сен.

Түйменің инесіз күні жоқ.

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.

Бір еңбектің –бір рахаты бар.

Көңілсіз жұмыс-өңімсіз.

Ерінген екі істейді.
Қалған іске –қар жауар.

Жұмысы жемістінің –
Өмірі келісті.

Сөзі-аз,
Ісі-саз.

Даярға-аяр.

Бал ұстаған бармағын жалар.

Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.

Еңбек-ырыстың бұлағы,
Еңбек-бақыттың шырағы.

Сүйіп істеген іс-
Шаршатпайды.

Оң қолым,сол қолым,
Екеуі де өз қолым.

Күшің барда,істе!
Тісің барда,тісте!

Жаман іс жоқ.
Жұмыла істеген іс жеңіл.

Біткен іс –піскен жеміс.

Жұмыс қылып бой түзе.
Өнер қуып ой түзе.

Екі жалқау-елге сыймас.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбегі ештің
Күні-кеш.

Еңбексіз тапқан мал
Есепсіз кетер.

Шапқан озар,
Жатқан тозар.

Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

Істеу қиын,сынау оңай.

Ер тынысы-еңбек,
Ез тынысы-ермек.

Есті бір өледі,
Еріншек мың өледі.

Еңбектен қашпа,
Ырысыңды шашапа.

Іңірден жатқан-ырыссыз қалады.

Аңқау алдырар,
Жалқау қаңғырар.

Тауық құс емес,
Жалқау кісі емес.

Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.

Еріншектің егіні піспес.

Қырқына шыдаған
Қырық біріне де шыдайды.

Еріншекке есек пен төр-
Екі күндік жер.

Жалқау-жарты кісі.

Ақпаса,су бұзылады.

Сөзге көп –іске жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *