Жүйке және жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері.

Жүйке және жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері. Жүйке талшықтарының жіктелуі. Қозуды өткізу механизмдері мен заңдары. 
Жүйке талшықтары деп нейрон өсінділерін айтады, олардың көмегімен нейрондар өзара және басқа атқарушы жасушалармен байланысады.
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері:
қозғыштығы – тітіркендіруге жауап қайтарудағы қозу жағдайында болу қабілеті;
өткізгіштігі – тітіркендіру әсер еткен жерден пайда болған қозуды ӘП түрінде әрі қарай өткізуі;
рефрактерлігі (қозбаушылығы) – қозу кезіндегі жүйкенің қозғыштық қасиетінің уақытша күрт төмендеуі.
Жүйке тіндерінің рефрактерлік кезеңі өте қысқа болады. Рефрактерлік кезеңнің маңызы – жүйке тіндерін шамадан өте жоғары қозудан сақтандыру, тек биологиялық маңызды тітіркендіруге жауап қайтару.
лабилдігі – жүйке тіндерінің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта жауап беру қабілеті.
Жүйке талшықтары өз алдына (немесе бөлек) жүйке тіндерінің құрылымдық элементтеріне жатпайды, олар құрамында белгілі бөлімдері бар кешенді құрылым болып есептеледі:
1) жүйке жасушаларының өсінділері – осьтік цилиндр; 2) глиялық жасушалар (мидың дәнекер тіндері); 3) дәнекертіндік (базальдық) табақша.
Жүйке талшықтарының негізгі қызметі – жүйке серпіндерін (импульс) өткізу. Жүйке жасушаларының өсінділері жүйке серпіндерін өткізеді, ал глиялық жасушалар олардың өтуін қолдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *