ДЖЕБРАН ХАЛИЛЬ ДЖЕБРАН
(6 қаңтар, 1883ж, Бишари – 10 сәуір, 1931ж, Нью-Йорк)
— шыққан-тегі ливандық, американдық философ, суретші, ақын әрі жазушы. Күллі XX-ғасырдағы атақты араб жазушысы және философы. Ол – философиялық романтизмнің негізін қалаушы.
Философиялық шығармалары:
«Пайғамбар» (1923), «Нақұрыс» (1958) деп аталады. Әлемнің 100-ге жуық тілдеріне аударылған.
1895 жылы Джебран Халиль Джебран анасы және туған-туысқандарымен АҚШ-қа қоныс аударды. Олар Бостонда тұрды.
1904 жылы Халиль Джебран «Эмигрант» деп аталатын арабтілді газетке өзінің мақалаларын жаза бастайды. 1906 жылы «Нимфы долины» атты араб тілінде еңбегін жарыққа шығарады. 1908 жылы «Духовный мятеж» деген екінші еңбегі басылып шықты.
1908 жылы Джебран оқуын жалғастыру мақсатында Парижге қоныс аударады. Европада екі жылдай болып, 1910 жылы АҚШ-қа (Нью-Йорк) қайтады. Джебран Халиль Джебран осы жерде тұрып, көптеген дүниелерді жазды. Ол 1931 жылы қайтыс болды.
Философиялық көзқарастары:
Джебранның ойынша, абсолюттік поэзия жасауға болады, ал абсолюттік философия құруға мүмкіндік жоқ, себебі өмір қозғалысы мәңгілік және көп ретте бейғам. Өмір рефлексиясы (ағысы) қалай өзгерсе, философия да солай өзгеруі тиіс. Ол ақын ретінде, ақын – өмірді рух көзімен, ал философ – зердемен көреді дейді. Джебранның философиясында маңызды жайттар – Құдай, дін, өзінің сенімін өз әрекетінен бөліп алу мәселелері. Өмір мен өлім өзен мен көл сияқты біртұтас, ажырамайды. Джебранның философиялық романтизмі оның әлемдік философиялық классикамен, соның ішінде ортағасырлық араб-мұсылман философиясымен тығыз байланысты. Ол философ пен ақын арасындағы қарым-қатынас туралы былай дейді: «Егер философ болмысты төмен деп, оған абсолютті билік берсе, онда ақыл бақылаушы ретінде көрінеді. Ондағы ең негізгі дәлел – өмір қозғалысы мәңгі, сондықтан да философия да өмір рефлексиясы сияқты өзгеріп отыруы керек. Поэзия рухани жағынан, ал философия пайымдауымен көрінеді, ғасырмен бірге өзгереді, адамзат талпынысына сәйкес келеді.
Джебранның тарихи-философиялық ойлауында маңызды орынды араб-мұсылмандық және ортағасырлық классикалық философия алады. Ибн Синаны өз заманының ғұламасы ретінде бағалай отырып, оны біртіндеп барлық кезеңнің ғұламасына теңейді. Өйткені Ибн Сина өзінің философиясын біріктіріп, Шейх деңгейінде көтеріле отырып, барлық өмірін «алғашқы шындық қасиетін ашуға» арнаған және барлық ұлы поэмаларда Адам елестетуі көрінісі феномені өмір сүреді: жаңа туған танымдық тілек, сұрақтар, ақыл мен үздіксіз бейнелеу арқылы Ибн Синаға рухтың құпиялылығын ашу кезеңі туды. Білім адамды Құдайға деген рухани сезіммен елітуші өмірлік ақыл болып табылады, оның рационалистік дәстүрге деген сипаттамасын, қызығушылығын тудырған ең жақсы қорытынды болды.
Әл-Ғазали шығармашылығында, Джебранның зерттеуі бойынша, Батыс пен Шығыс ғұламаларының көзқарасы сәйкес келеді. Ол әл-Ғазали мен Августин Блаженныйды қатар қойып, оларды «ешбір күмәнсіз жандық туыстық», бірлік бастауының күрделі жалғасы ретінде қарастырады. Бұл бастаудың мәні – жанның түбіндегі сезімдік әлем мен ақылды әлемге ұмтылу, сол арқылы философия мен метафизиканың сыртқы байланыстарының құдыретті әлемімен сәйкес келеді. Джебран: «Әл-Ғазали өз ілімінде сопылық жолды таңдаса, ал Августин өмірін шындықты іздеу жолына арнады», – деп атап көрсетті. Бірақ Джебран олардың бірталай айырмашылықтарын көрді. Мұнда ол әл-Ғазалиға барынша мән береді, өйткені әл-Ғазали Августиннен қалған мұраны жалғастырып қана қоймай, арабтар мен гректердің ғылыми мұрасын да жоғары деңгейге жеткізген болатын.
Джебран үнділік мистиктерді метафизикалық байланыстыратын кезең өзінен кейін пайда болғанын әл-Ғазалиден байқаған болатын. Джебран араб-мұсылман әлемінің тарихын екі кезеңге бөледі: Ибн Сина, Ибн Рушд, Әл-Ғазали кезеңдері философиялық-діни поэтикалық, ғылыми ойлардың шарықтау кезеңі болып саналады. Классикалықтан кейінгі кезең — бұл рухани жеміссіз, ақылмен келген өнер ұмтылған кезде немесе адамзат билікке еліту тудырған уақыттағы исламның мұраларына түсіндірме жазған кезең.
Философиялық афоризмдері:
Рас, сен шынында да ешкімге ештеңе берешек емессің. Сен барыңды бәріне бөліп беруге тиістісің.
***
Мен үшін шындықты ашудағы сүлесоқтық пен сылбырлық Шығыста тәлім-тәрбие деген атпен белгілі таза екіжүзділікпен, мекерлікпен пара-пар.
***
Сөз құрсауына алынған әрбір ойымды мен өз істеріммен құтқарып алуға міндеттімін.
***
Өзгенің ғана кемшіліктерін көре білгеннен жаман кемшілік бар ма?
***
Тәкаппар болу – өзіне қажеттіден аз алу деген сөз.
***
Кішіпейілділік дегеніміз – қолдағы нәрсені бөлісу деген сөз емес, өзіңе аса қажет нәрсені өзгеге беру.
***
Үйренбесең өнерге де, даналыққа да қол жеткізе алмайсың.
***
Өз ақылы туралы жоғары пікір ұстанған адамды үйреткісі келген адам уақытын босқа жоғалтар.
***
Іс біткен соң емес, оған кіріспес бұрын ойлан.Адамның сыртқы сұлулығы, егер ол ақылмен толықпаса, жануардікіне ұқсайды.
***
Меніңше, өзгені сүймегенді – өзге ешкім де сүймейді.
***
Бақытсыздықта борышына адал болу – ұлы іс.
***
Бәрін білуге ұмтылсаң, барлығынан мақұрым қаларсың.
***
Адамдар жақсылықты басқара алмаған және оны тиісті дәрежеде пайдалана алмаған жағдайда, ондай жақсылықтан жамандық туындайды.
***
Нашар азаматтар өздері алған құрметті қызметке неғұрлым лайықсыз болса, олар соғұрлым ақымақ әрі тұрпайы бола түседі.
***
Біз көңілді болғаннан күлмейміз, қайта күлу біздің көңіл қошымызды келтіреді.