НИСИДА КИТАРО
(17 маусым, 1870ж. Кахоку, Жапония – 7 маусым, 1945ж. Камакура, Жапония)
— қазіргі заманғы жапон философиясының басты өкілі.
Философиялық шығармалары:
«Ізгілікті тану», «Бейболмыстың сана шеңберіндегі анықтамасы» және т.б.
Оның басты мақсаты – Шығыс мәдениетінің ерекшелігін тану болды, ол – оның философиясында жатыр.
Философиялық көзқарастары:
Шығыс философиясының басты ұғымы – бейболмыс деп санайды.
Бейболмыс – бұл дзэн іліміне байланысты. Философия мен дзэн-буддизм қосылады. Дзэн – дегеніміз «Мен», реалды өмір, онымен санаспауға болмайды. «Мен» тікелей әлемде пайда болған жоқ және одан бөлініп ешқайда шыға аламайды. Мүмкіндігі жоқ. Ол тек ешқашан жоғалмайды, сондай-ақ қажеттілік те туындамайды. Сондықтан да оған осы әлемнен сыртқа шыға аламын деп ұмтылмауы керек. Н.Китароның қарастырған проблемалары – «Сана проблемасы», «Ойлау мен тәжірибие», «Ойлаудан түсінікке ауысу», «Өзіндік сана мен терістеудің шектелуі және жапон мәдениетінің проблемасы» болды.
Нисида Китаро философиясында буддизм сектасының мистикасы «Дзэн» дегенде, ол дүниеде әлемнің бар екеніне сенеді. Қайғыру істің реалды жағы. Орын мен уақыттың нақтылығының сыртында ғылым да, өмір де жоқ. Нисида Китаро фидеистер мен тееистер сияқты реакционистік идеяларды жақтады. Оның «диалектикалық терістеу» мен «диалектикалық» жөніндегі ойы буддистік және мистикалық өсиеттерге сай келеді. Адам (творение) жаратушы ретінде Жаратушымен бірге абсолютті бір бүтін және нақты фактылы және тарихи қажетті, тек абсолюттік көрінісінің кезеңі немесе «диалектикалық жалпылық», сондықтан да адам Құдай образы болып табылады.
Ол алғашында Аристотель философиясына сүйенеді. «Бірақ, – дейді Нисида, – Аристотельдің логикасын нақты болмыстың логикасы деуге болмайды». Сосын ол Гегельге сүйенеді, бірақ Гегельдің логикасы әрі абстрактылық терістеудің диалектикасы емес. Оның ойынша, заттың обьективтік қарастырылуының ғылыми әдісі диалектикалық болып табылмайды. Бұнда нисида Китаро оны феноменализмге жақын дейді. Көптеген проблемалар жөнінде феноменалистік көзқараста ойлау мүмкін емес, ғылыми позицияда бола отырып, нақты ақиқат болмыс туралы, дәл осылай феноменология позициясы бойынша, ақиқат обьективті болмыс жөнінде ойлауға болмайды. Ол Канттың таным теориясына да жүгінеді, бірақ ол да қанағаттандырмайды. «Мен»-ді Китаро Кантқа сай логикалық формадан шықпай көрсетеді. Ең алдымен, қарама-қайшылықтан, форма мен мазмұн байланысынан, субьект пен обьект байланысынан шығады. «Менің заттар туралы ойлау әдісім логика субьектісіне сүйенеді», – дейді ол. Бұл таным теориясының интеллектуалистік әдісі. Заттар туралы жалған обьективтік ілім жоқ, ал абсолютті бейболмыс бар.
Маркс пен Энгельсті оқып, марксизмге терістеушілік білдірді, яғни қарсы болды. Бұл әлемде қоғам мен мемлекет адамның өмірінде ерекше, ол адамдық өмірді қалыптастыруға ұмтылады, олар реалды күштерге сүйенеді. Өзінің ойлауының нәтижесінде көрінетін заттар бар, яғни бұл тек мистикалық қабылдаудың сезінуі болып табылмайды, керісінше, бұл екінші рет болмыстың негізін ашу болып табылады. Оны ойша саралау деп те атайды. Бірақ ол бергі өмірден шығады. Біз адамдар индивидиум ретінде мәңгілікке әсерден бөліне алмаймыз.
Нисида Китароның идеялық позицияларын бірден анықтау қиын. Ол жастық шағынан бастап шығармаларында буддистік секта – «Дзеннің» әсерінде болды, бірақ ол Батыс философиясын да оқыды.Оның кезінде социалистік идеялар прогрессивті болды. Оның идеялары ұлттық және рухани идеялар. Нисида халықтық идеялар ағымының дәл ортасында тұрды. Европа идеялары Жапониядағы қазіргі рухтың өсуіне өз әсерін тигізді.
Егер тарихи байланыстыру жөнінде айтсақ, Нисида Китаро Галилейден кейінгі Батыс философтарына мән бермеуіміз керек дейді, керісінше, «Дзэн» іліміне көп мән беріп, соған сүйенуіміз керек деп, өзінің ұстазы Ходзе Токиеси және жақын досы Судзуки Дайсэтсу ілімдерін жақтады.
Нисида Китаро бойынша, философия-обьективтік бақылаудың, анализдің, түсінудің, сын әдісінің іргелі теориясы, тарихы және адам әрекетінің қалыптасуы. Нисида философиясы соңғы кезеңге дейін Аристотельдің әсерінде болды. Яғни обьективті логикалық болды. Оның философиясын абстрактылы мистикалық және метафизикалық деп атауға болады. Адамның өзіндік санасы өзінің қалыптасқан кезеңіне қайтіп оралады және әрі қарай ұмтылады, демек, онда басқа болмыс байқалады. Ол өзімен өзі, ал нақты түрде абстрактылы өзіндік сана «жоқ».
Философиялық афоризмі:
Өзгеге қарап, өзіңді түзе (жапон мәтелі).