ХУ ШИ (ХУ ШИ-ЧЖИ)

ХУ ШИ (ХУ ШИ-ЧЖИ)
(17 желтоқсан, 1891ж. Шанхай – 24 ақпан, 1962ж.Тай-бэй)

— XX-ғасырдағы атақты қытай философы.
1926 жылы Шанхайда оның төрт томдық жинағы жарық көрген. 1917 жылы ол Колумбия университетінде 26-жасында «Ежелгі Қытайда логикалық әдістің дамуы» атты докторлық диссертация қорғайды. Бұдан басқа да философиялық еңбектері бар, олар Қытайда бірнеше мың данамен басылып шықты.

Шығармалары:

«Қытай философиясының тарихы» (1992) деген көлемді еңбегі бар.
Ху Ши Конфуцийдің «Өзгерістер кітабын» логикалық еңбек деп бағалайды. Философияның өз әдісіне тәуелді болатынын, батыс пен шығыс философиясына тән құбылыс екені олардың тарихи дамуынан көрінетіндігін Ху Ши атап көрсетеді. Соңғы 900-жылда қытай философиясы тарихынан логикалық әдістің философия дамуына тигізген терең де жан-жақты әсерлерін ол таппайды. Ал қазіргі Қытайда философия мен ғылымның дамуы оларға сәйкес келетін логикалық әдістің жоқтығынан зардап шегуде дейді. Сун және Син заманаларындағы жаңа мектептер кезінде ғайып болған конфуцийшылдыққа жаңа түр беруде және оларға тән емес екі логикалық (дедуктивті және индуктивті) методтарды пайдаланып, қайтадан тірілте бастағанын айтады Ху Ши.

Философиялық көзқарастары:

Қытай философиясының болашағын ол конфуциялық идеалдардың моралистік және рационалистік тұсауларынан босану бағытымен байланыстырады. Оның пікірінше, бұл жолда біздің жыл санауымыздағы үшінші, төртінші және бесінші неоконфуциялық мектептерінің қайта өрлеуі үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар Батыстың ғылым мен логикалық әдістерінің жетістіктерін кең пайдалану қажет.
Ол қытай философиясы дамуының бірінші кезеңін философия әдісін анықтау үшін зерттейді. Ху Ши әуел бастан-ақ Қытай философиясында логика дамып, ал мораль теориясы, саясат, білім мәселелері логика териясы мен әдісін айқындау жолында көмекші роль атқарғанын пайымдайды. Осы жолда Қытай екі кезеңнен – ақындардан софистер ғасырына және софистерден логика ғасырына өтті және бірінші софист ретінде Лао-цзыны атап көрсетеді.
«Өзгерістер кітабындағы» ең маңызды логикалық доктрина ретінде Ху Ши Сян идеясын сипаттайды. Идеалды форма Конфуций логикасының негізгі бөлігі. Бұл идея Аристотельдің формалды себептеріне немесе Ф.Бэконның форма туралы ұғымына жақын келеді. Екінші – пайымдау теориясы – цы. Конфуций бұл теорияны рационалдандырды дейді Ху Ши.
Ежелгі Қытайдағы логикалық әдісті дамытуға Мо Дидің де үлесі бар. Ху Ши оның пайымдаудың үш заңы туралы ойларын қарастырады және Конфуцийдің логикалық әдісімен салыстырады: таным, себеп, форма, дедукция мәселелерін айқындайды. Кітаптың соңғы бөлігінде эволюция және логика мәселелерін зерттегенде, Ху Ши Гегель, Спенсер, Бергсон сияқты европалық ойшылдармен қатар, Чжуан-цзы логикасын да, Сюнь-цзының логикалық идеалдарын да жан-жақты қарастыруға күш салады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *