РАБИНДРАНАТ ТАГОР

РАБИНДРАНАТ ТАГОР
(7 мамыр, 1861ж. Калькутта – 7 тамыз, 1941ж. сонда)

— атақты үнді жазушысы, ақын, сазгер-композитор, суретші, қоғам қайраткері.
Шығармаларын бенгал тілінде жазды. Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына ие болған (1913ж.). Үндістан және Бангладеш мемлекеттерінің әнұранының авторы.
Үнді ақыны Рабиндранат Тагор Калькуттада туды және дәулетті отбасындағы он төрт баланың кішісі болатын. Оның әкесі Махариши Дебендранат Тагор (санскр. Девендранатха
Тхакура), Үндістандағы қасиетті жерлерге мінәжат етуге жиі шығатын брахман еді. Шешесі Шарада Деви Тагор 14 жасқа толғанда қайтыс болған. Анасынан айырылған жасөспірім Тагор қарапайым әрі жалғыздықтан зарыққан өмір кешті. Ол енді сегіз жасынан бастап өлеңдер жаза бастайды, алғашқыда үйде, сосын жеке мектепте, атап айтқанда Калькуттадағы Шығыс семинариясында, Бенгальдық академияда және оған дейін педагогикалық училищеде оқыды. Онда ол бенгал тарихы мен мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар алады. 1873 жылы әкесімен болған бір саяхатта ол солтүстік Үндістанның ең табиғаты керемет жерлерді көріп, елдің көпғасырлық тарихы мен мәдениетінен ләззат алады.
Сол жылы ол Англияға Лондондағы Университет колледжіне құқықты оқу үшін барады, бір жылдан соң диплом ала алмастан Үндістанға қайтып оралады, кейбір уақыттары Калькуттада тұрады, онда ол ағаларына арқа сүйеп отырып бірталай өлеңдер жазды. 1883 жылы ол Мриналини Девиға үйленеді, одан екі ер бала және үш қыз бала сүйеді.

Шығармалары:

«Кешкі әуендер» (1882), «Таңғы әуендер» (1883), «Ақынның тарихы» (1878), және т.б.
1890 жылы әкесінің өтініші бойынша Тагор Шығыс Бенгалиядағы Шелайдехо елді-мекенінде басқарушы болып сайланды. 1901 жылы Тагор Шантиникетанға қоныс аударады, Калькуттаның маңынан мектеп ашады. 1902 жылы Тагор жан-жолдасынан айырылғаннан кейін «Естелік» сияқты лирикалық өлеңдер жинағын бастырып шығарды. 1903 жылы туберкулез ауруынан қыздарының бірі қайтыс болады, ал 1907 жылы холерадан ақынның кіші баласы дүние салады.
1912 жылы үлкен баласы АҚШ-қа оқуға аттанды, өзі Лондонға барып, біраз өлеңдерін ағылшын тілінде бастырып шығарады. Тек Үндістан ғана емес, бүкіл әлем оның шығармаларымен танысты, сол үшін де оған 1913 жылы Нобель сыйлығы берілді. Дүниежүзінің ғалымдары оған «Шығыс пен Батысты жақындастырушы тұлға» деп баға берді. Нобель комитеті бөлген қаржыны Тагор Визва-Бхарати мектебіне аударды, кейін бұл оқу орны бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ақысыз білім беретін Университетке айналды.
Тагор Үндістанның төрт бірдей университетінің құрметті дәрежесі, Оксфорд университетінің құрметті докторы атағын алды. 1941 жылы ол ұзақ науқастан кейін Калькуттада дүние салды.

Философиялық афоризмдері:

 Адамның шын арқа сүйері – өзі өмірімен жанды байланысты болатын әрі сол жанның өзімен бірге өсетін мұраттары.
***
 Адамға әсемдік сезімін дарытпайынша, одан нағыз азамат шығара алмайсың.
***
 Тәңіріңнің өзі сыйлады мені, Болғаны үшін өз сөзім. Иіліп едім сүйем деп сені,
Салмай да қойды ол көзін.
***
 Адам аңға айналған кезде нағыз жыртқыштан да қауіптірек.
***
 Жалынға оның жарығы үшін алғыс айт; бірақ елеусіз қалған шырағыңды ұмытпа.
***
 Сен – Лотос жапырағының астындағы шықтың ірі тамшысысың, ал мен – оның жоғарғы бөлігіндегі кішкентай ғана тамшымын деді Шық тамшысы Көлге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *