ДЖАВАХАРЛАЛ НЕРУ

ДЖАВАХАРЛАЛ НЕРУ
(14 қараша 1889ж. Аллахабад, Британдық Үндістан – 27 мамыр 1964ж. Нью-Дели, Үндістан)

— Үнді Ұлттық Конгресінің және Үнді ұлт-азаттық қозғалысының сол қанатындағы көшбасшы-лидерлерінің бірі, (сондай-ақ, Пандит (Ғалым) Неру деген атымен де белгілі) 15 тамыз 1947 жылы Үндістан өз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі тағайындалған елдің алғашқы премьер-министрі.
Оның әкесі Мотилал Неру елдегі ең ірі Үнді Ұлттық конгрессі партиясының жетекшілерінің бірі болды. Ол өзінің баласы Джавахарлалды атышулы Харроудағы ағылшын мектептерінің біріне оқуға жібереді. 1912 жылы Неру Кембридж университетіндегі заң факультетін тәмамдап, Үндістанға келді. Ол Аллахабадта орналасып, сонда әкесінің адвокаттық канторында жұмыс істеді. Бір жағынан ол Үнді Ұлттық конгресінің мүшесі бола отырып, Үндістанды отаршылдардан тазарту үшін жан аянбай араласты. Өзінің туған жерінде Ганди ілімдерімен таныса жүріп, европалық идеялары мен үнді дәстүрлерін байланыстыра отырып, содан нәтиже шығаруға тырысты. Отаршылдық билік оны бірнеше рет бар-жоғы 10-жылдай түрмеге жапты. Компаниялардың британ товарларына қарсы байкот жариялауға белсене араласты.
1927 жылы Неру ҮҰК (Үндістан Ұлттық конгресінің) төрағасы болып сайланады. 1938 жылы партиядағы адамдардың саны 5 млн-нан артып кетті. Сол уақытта мұсылмандар мен үнділіктер арасында жанжалдар ушығып кеткен болатын. Мұсылмандар «Алланың ақ жолына түскендердің елі» — тәуелсіз Пакистан мемлекетін құруды талап етті.
1946 жылы Неру Үндістанның уақытша үкіметінің вице-премьері болып сайланды. Ал, 1947 жылдың маусымында — тәуелсіз Үндістанның үкіметтің алғашқы басшысы және сыртқы істер және қорғаныс министрі болды. 15 тамыз 1947 жылы Неру Делиде тәуелсіз Үндістан республикасының туын көкке көтерді. 1948 жылдың ақпанында Үндістаннан британ әскерлерінің контингенттері кете бастады. 1947-1948 жылдары Кашмирге байланысты Үндістан мен Пакистан арасында соғыстар жүрді. 1947 жылы Нерудің жақтастары парламентте 86% — орынға ие болды. 1950 жылдың қаңтарында Нерудің басшылығымен Үндістан зайырлы және демократиялық республика болып жарияланды.
Елдің ішкі саясатында Неру Үндістан халқын ынтымақ-бірлікке шақырды, мұсылмандар мен үндістерді, билік үшін жауласып жүрген саяси партияларды бір ымыраға келуге шақырды, ал экономикада – жоспарлау принциптері мен рыноктық экономикаға жол бастауға шақырды.
Әлемдік беделге ие болған Неру саяси блоктарға қосылмау жөніндегі саясаттың авторына айналды. Сөйтіп, ол бейбітшілік орнатуға батыл қадамдар жасады.
1955 жылы Неру ССРО-ға ресми сапармен келді. 27 мамыр 1964 жылы жүрек талмасынан қайтыс болды.

Философиялық афоризмі:

 Ақиқат құдықтың түбінде жатады, бетіндегінің бәріне өтірік билік жүргізеді. Кейде жасырын түрде, кейде ұят дегенді сыпырып тастап ашықтан-ашық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *