ВИВЕКАНАНДА СВАМИ (НАРЕНДРАНАТХ ДАТТА)

ВИВЕКАНАНДА СВАМИ (НАРЕНДРАНАТХ ДАТТА)
(12 қаңтар, 1863ж. Калькуттаның Симла ауданында (батыс Бенгалия) – 4 шілде, 1902ж. Белур)

— көрнекті үнді философы және қоғам қайраткері,
Свами Вивекананданы веданта философиясының ең әйгілі және ықпалды рухани көшбасшысы ретінде миллиондаған үндістер құрмет тұтады. Ол Шри Рамакришна Парамахамсаның басты шәкірті әрі Рамакришна Ордені (Рамакришна Матх) мен Рамакришна Миссиясының негізін қалаушы болған.
1879 жылы Нарендра Калькуттадағы Президенттік колледжге оқуға түседі. Сонда бір жыл оқығаннан кейін шотландиялық Шіркеу Колледжіне ауысып, философиямен айналысады. Бір курс бойы логиканы, батыстық философияны және европалық мәдениетті зерттейді.
Шамамен, сол жылдары Нарендраны Құдай туралы мәселе мазалай бастайды. Сол себепті ол Кешаб Чандра сен басқаратын Брахмо Самаджға мүше болады. Бірақ Самадждың мінәжаттары мен діни әндері оның Құдайды білуге деген қызығушылығын қанағаттандырмады. Ол Брахмо Самадждың көшбасшыларынан – Құдайды көрдіңдер ме деп сұрайтын. Бірақ оған дұрыс жауап ала алмайтын. Сол кезде колледж профессоры У.Хасти оған Дакшинешварда тұратын Рамакришна туралы айтады.
Вивекананда – Шри Рамакришнаның шәкірті. Нарендра алғаш рет Шри Рамакришнамен 1881 жылдың қараша айында кездесті. Ол оған басқа діни көшбасшыларға қоятын сұрағын қойды, сонда Рамакришна мүдірместен «ия, мен құдайды сені көріп тұрғандай көргем, ол бұдан анық еді» деп жауап береді. Нарендра таң қалды және оның өтірік айтпағанын, өзінің жеке тәжірибиесіне сүйенгенін сезді. Бұдан кейін ол Рамакришнаға жиі баратын болды.
Нарендра Шри Рамакришнаны, оның аяндарын бірден мойындамайды, бірақ оны елемей кетуге болмады. Нарендраның көзі жетпей, ешнәрсеге сенбейтін әдеті болатын. Ол Шри рамакришнаның айтқан сөзі мен жасаған әрекетін тексерумен болды, бірақ ұстазы оның жағдайын түсініп, бәріне шыдайды, көңілді, мейірімді болды. Ол нарендарға күмәніңді қой демеді және Нарендраның дәлелі мен зерттеуін шексіз шыдамдылықпен қабылдады.
Уақыт өте келе Нарендра Шри Рамкришнаны мойындап, оны шын жүрегімен қабылдайды. Шри Рамакришна басқа шәкірттерге, негізінен екіұдайылық философиясы мен бхакти жолын түсіндіретін, ал Нарендраға екіұдайылықтың болмауын, адвайта-ведантаны үйрететін.
Шри Рамакришнадан бес жыл білім алған Нарендра енді мазасыз, шыдамсыз жігіттен, Құдайды тану үшін бәрінен бас тартуға дайын тұрған байыпты, кемел адамға айналды. Шри Рамакришна 1886 жылы қайтыс болды, ал Нарендра мен біраз шәкірттер монах антын қабылдап, фәнилік өмірден бас тартты.

Философиялық көзқарастары:

Вивекананда танымал әрі бірегей ойшыл болатын. Оның әлемдік философиялық ойға қосқан ең маңызды үлесі – адвайта-ведантаның идеяларын асқан философиялық және рухани идеялар ретінде ғана емес, сонымен бірге таза өмірлік, қоғамдық, тіпті, саяси маңызы бар идеялар ретінде көрсетуі еді.
Свами Вивекананда Ведантаның барлығы азат болмайынша, ешбір адам азат бола алмайды деген ұстанымдағы ағымға жататын. Тіпті, жеке басын құтқаруға ұмтылу да қате, өйткені шынымен нұрланған адам басқаларды құтқару қызметімен ерекшеленуі тиіс. Ол Рамакришнаның Матхын (ғибадатхананы) және Миссиясын «Атмано Мокшартхам Джагаддхитая Ча» (Өзінің азаттығы мен әлемнің игілігі үшін) деген ұранның негізінде ұйымдастырған.
Вивекананда әулиелікке жетуге, риясыздық пен өзіне-өзі сенуге шақырды. Ол брахмачарьяны (целибатты, яғни үйленбеуді) насихаттады. Өзінің балалық шағындағы досы, Шри Прия Натх Синхпен болған әңгімеде, ол өзінің денелік және ақыл-қуатының, шешендігінің сырын брахмачарьимен байланыстырды.
Десек те, Вивекананда дін мен мемлекеттің (шіркеу мен мемлекеттің) арасын ашуды талап етті және бұл мұратты өзі негізін қалаған ұйымы да қатаң ұстанды. Қоғамдық дәстүрлер діннің ықпалымен қалыптасса да, қазіргі кезде дін неке, мұрагерлік және т.б. мәселеге араласпауы тиіс.
Мінсіз қоғам брахмандық білімді, кшатриялық мәдениетті, вайшьялық тиімділікті және шудралардың теңестіру мінезін иеленгені абзал. Олардың қайсібірі басым болса, түрлі біржақты дамыған азаматтық қоғамдардың пайда болуына әкеліп соғады. Вивекананда дін немесе қайсібір сол тектес күшті мінсіз қоғамды құруға пайдалануға қарсы шығады, өйткені ол жеке адамның деңгейіндегі өзгерістерге сай, табиғи түрде дамуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *