ПЬЕР ТЕЙЯР ДЕ ШАРДЕН

ПЬЕР ТЕЙЯР ДЕ ШАРДЕН
(1 мамыр1881ж., Клермон-Ферран маңындағы Сарсена қамалы, Овернь, Франция – 10 сәуір 1955ж, Нью-Йорк)

— атақты француз теологы әрі философы. Жаратылыстанушы һәм палеонтолог ретінде кең танымал. Палеонтология, антропология, философия және католиктік теология ғылымдарының қалыптасуына айтарлықтай өзінің үлесін қосты. Дін қызметкері (священник-иезуит), иезуиттер орденінің (1899) мүшесі. Ноосфера теориясын құрушылардың бірі.
Өзінің артына ешбір мектеп, не шәкірт қалдырмады, дегенмен ғылымда тейярдизм – деген ғылыми бағыттың негізін қалады.

Философиялық шығармалары:

«Құдай-Орта» (1927), «Адам құдыреті» (1955) және т.б.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа санитар болып қатысып, Құрметті Легион орденімен марапатталған. 1920 жылы Сорбонн қаласында палеонтология докторы деген ғылыми атағын алады. Қытайға жасалған бірқатар ғылыми экспедицияларға қатысты. Онда адамзаттың арғы тектерінің бірі – синантроп адамын тапты. 1925 жылы дінбұзар атанып, Париждегі Католиктер университетінің оқытушысы қызметінен қуғындалады. Содан соң өмірінің соңына шейін тұрақты қызмет таба алмай өткен. 1937-1946 жылдары Пекиннің елшілер кварталында тұрып, «Адам құдыреті» кітабын жазды. 1947 жылы Парижге оралады. Сол жылы әлем таныған ғұлама Француз ғылым академиясына мүшелікке қабылданады. 1951-1955 жылдары Нью-Йоркте тұрды, сонда қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін екі жылдан соң оның еңбектері дінбұзар деп табылып, барлық католик шіркеуі мекемелерінен алынып тасталады. 1962 жылы Ватикан кеңесі католик жастарды Тейяр де Шарден еңбектерінің ықпалынан қорғау туралы арнаулы жарлық шығарды.

Философиялық афоризмдері:

 Күнбе-күнгі тірлікте Құдайдың өзіне де бірнеше минут қана қиюға болады.
***
 Қаласа да, қаламаса да, адам өзіне жиі қайта оралып, бүкіл көріп-білгеннің бәрінен өзін іздеп әуре болады да жүреді.
***
 Заттың бәрінде де сыртына қоса онымен қатар өмір сүріп жатқан іші де бар.
***
 Бар салада да әлдебір өлшем жеткілікті дәрежеде өсіп-толған кезде, ол өзінің түрін, жағдайын немесе табиғатын тез өзгерте бастайды. Өзінің бастау кезеңінде өмір біздің алдымызда әрі тым ұсақ, әрі сансыз көп сипатта көрініс береді.
***
 Бар дәуірлерде де адам өзін «тарихи бетбұрыста» тұрмын деп ойлаған.
***
 Дініміз үшін де біз дүниелік мақсаттарға құлшына еңбек ете аламыз және солай етуге тиістіміз де.
***
 Адам үшін басқа адамдармен байланыс жоқ жерде эволюция нәтижесіне орай күтілетін келешектің де болуы мүмкін емес.
***
 Жаратылыстану ғылымдары біздің маңымыздағы шексіз уақыт пен кеңістік тұңғиықтарын жаңқалап жатыр.
***
 Өмір бір ғана тұйық сызық бойымен немесе жеке-жеке жаңқалау әдісімен әрекет жасамайды. Ол бір мезгілде бар жүйесін бірдей алға қарай қозғайды.
***
 Сүйіспеншілік! Егер мен жаңылысып тұрмасам, маңайымызды қоршағанның бәрін айқынырақ көріп-білуімізге көмектесетін жарық сәуле осы!.
***
 Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, әлсіз һәм күнәлі қылып қояды. Бірақ сонымен бірге материя дегеніміз – бұл бар болу қуанышы, сезіну бақыты, жеңіске жеткізер күш, өсу-өркендеу ғанибеті!.
***
 Дүниенің тереңдігін өлшейміз деп әлек болған кезімізде – ақылымыздың өзі ұялып жерге кірердей болады.
***
 Қараңғыдан шыққанда көз қарығады. Кенет биік мұнараның басына шыққан болсаң – қаның тасып, басың айналады немесе бағдарыңнан айырыласың.
***
 Көбірек көру мен молырақ білуге ұмтылу – көрсеқызарлық та, білуге құндылық та, асқан-тасқандық та емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *