ХОСЕ ОРТЕГА-И-ГАССЕТ

ХОСЕ ОРТЕГА-И-ГАССЕТ
(9 мамыр, 1883ж, Мадрид –18 қазан, 1955ж.)

— рациовитализм ілімін құрушы испандық философ және социолог, публицист, белгілі әдебиетші.
Ортеги-и-Мунийаның баласы. Өмір философиясының кейіннен экзистенциализмнің өкілі. Өз ұлттық философиясына, Латын Америкасы, Европа елдерінің ой-парасатына қарқынды ықпал еткен. Өзінің философиялық ілімін «өмірлік ой» деп атады.
Сол кездегі испан «ой билеушісі» Мигель де Унамуноға қайшы, рухани жаңаруды тек ұлттық тарихтан іздемей, жалпыевропалық дәстүрді игеру арқылы испан философиясын томаға-тұйықтықтан арылтып, жаңа деңгейге көтерген тұлға. XX-ғасырдың басында туындаған авангардизм ағымының пайымдаушысы бола тұра, қарабайыр көпшілікке көнбейтін «рухан азшылық» («шығармашылық элита») туралы ілімді тудырушы.
Малага иезуит-әкейлер колледжінде оқып жүргенде, Ортега көнегрек және латын әліпбиі мен білімін жақсы меңгерген болатын. 1904 жылы Мадридтегі Комплутенсе университетін бітіреді. Сонда жүріп «Мыңжылдық» /«Тысячелетний» атты докторлық жұмысын қорғайды. Содан кейін жеті жылдай Германиядағы Марбург сияқты университеттерде болады, онда ол кездері Герман Когеннің аты жер жаратын. Өз отаны Испанияға келе сала Мадридтегі Комплутенсе университетіне жұмысқа орналасады, сонда 1936 жылға дейін оқытушылық қызметте болады. Бұл уақытта елде азаматтық соғыс жүріп жатқан болатын. Ортега-и-Гассет Франконың қарсылас жауы болатын.

Философиялық шығармалары:

«Бұқаралық көтерілісі» деп аталатын еңбегімен де танымал тұлға.

Философиялық көзқарастары:

Испандық философ бұқаралық адамды талдай келе, көпшілік пен таңдамалы азшылыққа бөліну барлық заманаларда қоғам үшін іргелі нәрсе болған деп тұжырымдайды. Бұқаралық жеке адам – даралықтан ада болған, жалғыз, өзгеден айырмашылығы жоқ, кескінсіз, қарабайыр, ортаңқол жан. Одан жоғары тұрған нәрселердің бәрі, барлық жарқын әрі сирек гүлдер оның жынын қоздырып, ызасын келтіреді.
Қарабайырлық шығармашыл бастаудың жоқтығынан, өзінен ештеңе талап етпеу тілегінен, басқа да жүрген өзгелер сияқты жай ағынның ыңғайына қарай жүзу ниетінен байқалады. Таңдамалылық, керісінше, шығармашылық екпіннен, ең алдымен, өзіне талап қоюдан, таңдау, шешім қабылдау қабілетінен, бір ғана жалғыз өмірлік траекториямен жүре беруден бас тартудан байқалады. «Адам өзі оны қалай ма, жоқ па, өзінің табиғатына сай жоғары бастауды іздеу үшін жаратылған. Кім оны өзі табады, сол таңдаулы адам; кім таппайды, сол оны бөтен біреудің қолынан алады да көптің біріне айналады».
Ортега XX — ғасырға тән қауіпті рокировканы байқады. Егер бұрын тобыр қоғамдағы басшы қызметке таласпаса, қазір ортаңқолдар кемтарлығынан ұялмай, өздерінің нормалары мен таптауырын мінездерін жалғыз мүмкіндік ретінде бекітуге ұмтылады. Тобыр «өзінің пасық болуға деген құқығын жариялап, оны бекітеді немесе басқаша айтқанда, пасықтықты құқық ретінде бекітеді».

Философиялық афоризмі:

 Биліктен таймау үшін берік қолдан гөрі құйымшақ қажеттірек пе деймін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *