СЭР КАРЛ РАЙМУНД ПОППЕР
(28 шілде, 1902ж. Вена, Австро-Венгрия – 17 қыркүйек, 1994ж. Лондон, Ұлыбритания)
— австриялық және британдық философ әрі социолог;
XX — ғасырдың жүзжылдығындағы ықпалды философтардың бірі; еңбектері негізінен әлеуметтік және саяси философиядан тұрады. Қисындық позитивизм ағымына теориялық жағынан конструктивті түрде қарсылық жасауға бағытталған «Сыншыл реализм» мектебінің негізін салушы. Қисындық позитивизм әдісі метафизиканы ғана емес, жаратылыстану ілімдерін де жоққа шығарады деп есептейді. Ғылым мен философияға қатысты өзгеше ұстанымдары бар. Негізгі зерттеу салалары – логика, таным теориясы, әсіресе әлеуметтік философия, социология. Оның, әлеуметтік ойға қосқан үлкен үлесі – тоталитаристік концепциялардың барлық түрлері мен бағыттарына қарсы жазылған ашық қоғам туралы теориясы. Онда ол ашық қоғамды, яғни батыс елдерінде қалыптасқан демократиялық қоғамдық жүйені адамзат қоғамдарының белгілі бір түрі ғана деп қарамай, адамдардың табиғатына бірден бір сай келетін, жеке адамның еркіндігі мен дербестігіне құрылған, қандай да болмасын, үйлесімдікке жетелейтін оң өзгерістерге ашық әрі керісінше, жаулық пен араздыққа жабық ете алатын құрылым екендігін философиялық, социологиялық талдаулармен негізделген.
1937 жылға дейін Венада жұмыс істеген. Кейін Ұлыбританияға ауысады. 1946-1970 жылдар аралығында Лондонда Экономика және саяси ғылымдар мектебінде ұстаздық етті.
Философиялық шығармалары:
«Ғылыми білім логикасы мен өсуі» (1935), «Ашық қоғам және оның жаулары» (1945), 2-томдық, «Тарихшылдықтың (историцизмнің) қайыршылдығы» (1945), «Болжам (предложение) және жоққа шығару (1963), «Обьективті білім. Эволюциялық көзқарас» (1972), «Өмірбаян» (Ізденістің шегі болмайды) (1974), «Сыншыларыма жауап» (1974), «Тұлға және оның миы» (Дж.Экклепен бірге, 1977), «Реализм және ғылыми мақсат» (1983) және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Ол әрбір мезеттегі технологиялық мүмкіншіліктерге байланысты болып келетін жалғыздылық талабына сезімділік критерийін қайта қалыптастырды. «Ғылыми жаңалық логикасы» еңбегінде К.Поппер эмпирикалық қондырғы туралы тезисін негіздейді. Бұл қондырғы бойынша білімнің өсуі үшін айқын түйіндер мен ұсынылатын тұжырымдары өте дәл эмпирикалық тексеру қажет. Поппердің айтуынша, жалпы тұжырымдарды негіздеу үшін дедуктивті тексеруге жүгіну қажет. Бұл үшін ұсынылған тұжырымнан туындайтын эмпирикалық салдарлар тексеріледі. Бірақ бұл жерде біз жалпы тұжырымды түйіндеу мәселесін оны негіздеу мен тексеру мәселесінен бөліп алуымыз керек. Бұл жағдайда алынған айғақтық мәселелерді эмпирикалық ғылымдарға жатқызамыз, ал мәселелерді зерттеу логикасы арқылы түсіндіреміз. Зерттеу барысында дәлелденуі ең қиын деген болжамның тексеру тәсілдерін тауып алуымыз керек. Егер гипотеза (болжам) мұндай тексеруден қалыпты өтсе, онда оны дәлелденген деп қабылдауға болады, бірақ бұл нәтиже онан әрі теріске шығарылуға, жалғанғандырылуға дайын. Өз позициясын К.Поппер «сыншыл рационализм» деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар бірдемені үйрену үшін ашық және еркін рационалдық пікірталас қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, қарсыласы көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Ашық пікірталаста ақылды орынды пайдалану-міне, осы рационализм болып табылады. К.Поппер «Ашық қоғам және оның жаулары» кітабында Платон, Маркс идеяларын догматизм ретінде сынап, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп санайды. Ол ақиқатқа монополия жасауға қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералдық позицияларын ұстанады. К.Поппер өзінің «Тарихилық жұтаңдығы» деген тағы бір еңбегінде әлеуметтік болжамдарға қарсы өзінің негізгі қағидаларын дәлелдеп, холистік жорамалдарға талдау жасайды. Ол бастапқы болжамдарға түзетулер енгізе отырып, салдарларды зерттеу және оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы арқылы болашақ туралы болжам жасауға болады деп санады. Оның ойынша, барлық қоғам туралы болжам жасау және оны өзгерту мүмкін емес. Философтың пікірінше нақты реформалар жүргізу барысында біздің жоспарларға түзету енгізу мен тексерілген құралдар арқылы кезеңдерге бөліп жасауға болады.
Философиялық афоризмдері:
Жалған пайғамбарлардан сақтаныңыздар!
***
Үлкен адамдар үлкен қателіктер жасауға қабілетті болып келеді.
***
Табиғатта идеал жоқ. Ол өзінен-өзі моральді де, моральсіз де бола алмайтынфактілер мен қайталаулардан тұрады.
***
Ғылым – жай ғана «фактілер жиынтығы» емес: ол, бері салғанда, — фактілер коллекциясы.
***
Ешкімге бүйрек бұрып, бұра тартпау идеясы жауапкершілік идеясына алып келеді.
***
Біреуді сүю деген – оны бақытты етуге ұмтылу деген сөз.
***
Адамдар қателесуі мүмкін: қателеспеу деген адамзаттың артықшылығына жатпайды.
***
Жалпы кез-келген нәрсе сынға алынуы мүмкін. Ал ғылыми ақиқат нәрсе – кез-келген адам сынай біледі.
***
Қазір дегеніміз – өткеннің келешегі.
***
Үміт керек: үмітсіз – өмір сүру, әрекет жасау мүмкін емес.
***
Ғылым да қателеседі: өйткені, ол да – адамның қолынан шығады.
***
Батыс өркениетін гректер дүниеге әкелді. Гректер ұлы төңкеріс бастаған болатын, бірақ ол, тегі, әлі күнге сол бастапқы кезеңінде – жабық қоғамнан ашық қоғамға өту кезеңінде тұрған тәрізді.
***
Табиғат заңдары өзгермейтіндіктен, оларды бұзу немесе қолдан жасау мүмкін емес.
***
Ақылды адамдар өздерін өте тиімсіз жағынан көрсетуі мүмкін.
***
Өзін-өзі сынау жалқаулықты ақтауға айналмауға тиіс.
***
Тәжірибие – теориялық білімнің дұшпаны емес, қайта аса күшті ынталандырушысы.
***
Үйренуге қабілетті кезімізде ақылдың алжасар еш жөні жоқ.