ВИЛЬГЕЛЬМ ДИЛЬТЕЙ

ВИЛЬГЕЛЬМ ДИЛЬТЕЙ
(19 қараша 1833ж, Рейндегі-Бибрих – 1 қазан 1911ж, Зейс)

— неміс философы, мәдениет тарихшысы, «өмір философиясының» өкілі, түсінуші психологияның және «рух тарихы» мектебінің негізін салушы.
Ол тарихи-гуманитарлық ғылымның («Рух туралы ғылым») жаратылыстануға («Табиғат туралы ғылым») қатынасы ерекшелігін тақырыпқа айналдыра келе, Дильтей «түсіну» мен «түсіндірудің» классикалық дихотомиясын тұжырымдады.

Философиялық шығармалары:

— «Сипаттау психологиясы», «Рух туралы ғылымға кіріспе», «Герменевтиканың пайда болуы» және т.б.

Философиялық көзқарастары:

— Дильтей салыстырмалы (табиғиғылыми, жаратылыстану) және сипаттау психологиясын ажыратты, сөйтіп сипаттау психологиясын рух туралы ғылымның негізі деп санады;
— Жанды өмірді өзара байланысты, құрамдасқан және дамитын деп «ұғыну» (түсіну) – сипаттау психологиясының маңызды міндеті;
— Өткен мәдениетті түсінуді Дильтей интерпретация методы немесе герменевтика, яғни өмір көріністерінің жазба нұсқаларын түсіну өнері деп атады;
— Дильтей герменевтиканы барлық гуманитарлық білімдердің методологиялық негізі деп санады. Ол түсінудің екі түрін қарастырды:
 Интроспекция – өзінің ішкі дүниесін түсіну (өзіндік бақылау);
 Эмпатия – өзгенің дүниесін түсіну, оны сезіну, оның жай-күйіне ортақтасу. Осы түсінудің екі түрі – бұл «сыртқы сезім мүшелері негізінде ішкі дүниені танитын, ұғынатын процесс».
— Дильтей философиясының өзекті ұғымдары – «уайымдау», «қобалжу», «айтылу», «мағына», «түсіну», «дүниеге көзқарас», «даралық»;
— Оның «Қобалжу және поэзия: Лессинг, Гете, Новалис, Гельдерлин» деген еңбегі – «рухани-тарихи» мектеп үшін классикалық болып табылады;
— Тарихилық мәселесін Дильтей релятивтік пен жалпымағыналықтың антиномиясы деп қарастырды. Осы қайшылықты шешу – радикалды «өзіндік ұғыну»;
— Философия дүниеге көзқарастың алуан түрлілігін өзінің обьекті деп қарастыруы керек;
— Дильтей сананы әлде бір өзіндік анықталғандық деп қарауға болмайды дейді, өйткені ол әуел бастан-ақ «өмір» және «тарихпен» анықталған, яғни ұғынушы индивидтің нақты жай-күйі, оны «биографиясымен», ең соңында – оның елінің әлеуметтік-мәдени жағдайларымен және оның дәуірімен айқындалған;
— Дильтей таза логиканы теріске шығарды;

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *