БЕРТРАН АРТУР УИЛЬЯМ РАССЕЛ

БЕРТРАН АРТУР УИЛЬЯМ РАССЕЛ
(18 мамыр, 1872ж. Треллек, Монмутшир графтігі, Уэльс – 2 ақпан, 1970ж. Пенхриндейдрайт, Гвинед графтігі, Уэльс)

— ағылшын математигі, логигі, социологы, философы әрі қоғам қайраткері. Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған (1950). Неореализм және аналитикалық философияның негізін қалаушы.
Ол пифагоризмнің платондық интерпретациядан юмизмге өту жөніндегі күрделі философиялық эволюцияны басынан кешірді, «логикалық атомизм» тұжырымдамасын құрды және дескрипция теориясын қарастырды. Рассел математика логикадан аластатылуы мүмкін деп санаған.

Философиялық шығармалары:

«Адам танымы, оның өрісі және шекаралары», «Философия проблемалары», «Ойлауды талдау», «Мен неге христианшы емеспін?», «Батыс философиясының тарихы» және т.б.
«Адам танымы, оның өрісі және шекаралары» Б.Расселдың ең басты философиялық шығармасы болып табылады. Мұнда ол өзінің танымдық-теориялық ілімін бір жүйеге келтіріп, оны көпшілікке түсінікті түрде баяндап беруге ұмтылған.

Философиялық көзқарастары:

Оның философиялық ілімін жалпы алғанда неопозитивизмге жатқызамыз. Таным теориясында ол екі принципті — эмпиризм принципін және философияның мәні логикада деген принципті өзара үйлестіруге тырысып, ғылыми білімді негіздеуде субьектінің сезімдік тәжірбиесіне сүйену қажеттігін баса айтқан.

Қоғамдық-саяси көзқарастары:

Қоғамдық-саяси қызметінде Б.Рассел бейбітшілік үшін, ядролық қаруды тоқтату үшін белсенді түрде күрескен, Пагуош қозғалысының инициаторларының бірі болған, халықаралық саяси мәселелерді шешуде күштеу принципінен бас тартуға шақырған.

Философиялық афоризмдері:

 Тіршілікте тарықпаудың жолын таба алмаған ой еркін бола алмайды.
***
 Қазіргі заманғы саясаткерлердің тірлігіне қарап, олардың түсінігінше насихат өнері жарнама өнерімен тікелей байланысты ма деп ой түюге болады.
***
 Бос уақытты дұрыс пайдалана білу – өркениеттіліктің ең басты белгісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *