ИСИДОР МАРИ ОГЮСТ ФРАНСУА КСАВЬЕ КОНТ

ИСИДОР МАРИ ОГЮСТ ФРАНСУА КСАВЬЕ КОНТ
(19 қаңтар, 1798ж. Монпелье – 5 қыркүйек, 1857ж. Париж)

— француз философы әрі социологы. Позитивизмнің көшбасшысы. Социологияны жеке өз алдына қарастыратын ғылым ретінде негізін қалаушы.

Философиялық шығармалары:

«Курс позитивной философии» (1830–1842) және «Система позитивной политики» (1851– 1854) және т.б.
Позитивизм дұрыс пікір болып дүниеге келді, оның негізін салған Огюст Конт және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер.
Бұл философияның негізі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі.
Олардың мақсаты – ғалымдарды толып жатқан алдын орған ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда, әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады.

Философиялық көзқарастары:

Мақсат, – дейді позитивистер, солардың тек дұрысын, пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ондағы ойы-француз революциясының теориялық негізі болған XVIII ғасырдағы француз материализмінен бас тарту. Олай болса, позитивизм – идеалистік философия, оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата бет бұрды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *