ГАСТОН БАШЛЯР

ГАСТОН БАШЛЯР
(27 маусым 1884ж, Бар-сюр-Об, Об – 16 қазан 1962ж, Париж)

— француз философы. Мәдениеттанушы һәм психолог ретінде де кең танылған. Неорационализм ағымының негізін қалаушы.
Өзін-өзі – «ауыл пәлсафашысы» («сельский философ») атаған көрінеді. Өз Отанының Әдебиет саласындағы ұлттық сыйлығының иегері. Шампань провинциясында өмірге келген. Колледж бітіріп, поштада қызмет еткен. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы. Соғыстан кейін өзі дәріс алған оқу орнында физика және химия пәндерінен сабақ береді. 1927 жылы Сорбонн университетінде философия докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Одан кейін Дижон университетіне оқытушы болып орналасады. 1940 жылдан бастап, ғұмырының ақырына шейін Сорбонн университетінде философия докторы ғылым тарихы мен философиясы кафедрасын басқарған.

Философиялық шығармалары:

«Ғылымның жаңа рухы» (1934), «Отқа психологиялық талдау жасау» («Психоанализ огня») (1937), «Жаңа рационализм» (1953), «Интуиция мгновения» (1931), «Философское отрицание» (1940), «Вода и грёзы» (1942), «Грёзы о воздухе» (1943), «Земля и грёзы о покое» (1946), «Земля и грёзы воли», (1948), «Прикладной рационализм» (1949), «Рациональный материализм» (1953), «Поэтика пространства» (1958), «Поэтика грёзы» (1961), «Пламя свечи» (1961) еңбектерінің авторы.

Философиялық афоризмдері:

 Обьективті танымда өзіңе-өзің күлмей прогресске қол жеткізу мүмкін емес.
***
 Философиялық жүйелер бір топырақтан екінші топыраққа көшірген кезде жеміс бере бермейді және тез көз байлайды.
***
 Зат дегеніміз – тоқтап қалған құбылыстан басқа ештеңе де емес.
***
 Салмақтау дегеніміз – ойлау, ойлау дегеніміз – салмақтау.
***
 Тереңдік – ең қымбат қазына, жүректің терең түкпіріндегі сыр: әдетте оны сыртқа шығара бермейді.
***
 Бір-бірін шын түсінгісі келген екі адам, ең алдымен, бір-біріне қарама-қайшы келіп көрулері керек.
***
 Кейде жалған ұғымдарға негізделген тұтас теория да жасап шығаруға болады.
***
 Тасты жақсы көру мен әйелді жақсы көрудің айырмашылығы шамалы.
***
 Махаббат күдік дегеннің не екенін білмейді: тек жүректегі ғана дұрыс деген сеніммен өмір сүреді.
***
 Сүйіспеншілік – бөлісіп пайдалану керек оттан басқа ештеңе де емес.
***
 Біздің шын бейнеміз жұрт білетін бейнелерге ұқсамайды.
***
 Ғылыми ойды ырықсыз елестету қиын. Ол мұқият, сабырлы абстрактілік ойдың тұсауын кеседі.
***
 Белгісіздікті – біздің бейхабарсыздығымыз емес, біздің қателеріміз жеңеді.
***
 Өзімізге-өзіміз қарайлай береміз деп – біз шындықтан көз жазып қаламыз.
***
 Обьективті ой ирониялық сипатта болуға тиіс.
***
 Кей кездері таңдап алған обьектіге деген таңданысымыз гипотеза мен фантазияны жөнді-жөнсіз үсті-үстіне үйе беруге итермелейді: әлдебір білім сияқты көрінетін көзқарастар осылай қалыптасады.
***
 Өз қателігіңді мойындау дегеніміз – өз ой-парасатыңыздың биіктігіне тағы бір ашық марапат жасау деген сөз.
***
 От туралы бірінші білетініміз – оған жақын болу керек екендігі.
***
 Химиядағы реализм – алғаш көзге ілігер ақиқат: ол келесі қадам жасағанда-ақ елеске айналады.
***
 Реализм – бәрін өзгертетін немесе бәрін жұтып қоятын философия.
***
 Жарық заттың сыртында ғана ойнап-күледі, ал оның ішіне кіру қабілеті тек жылуға ғана тән.
***
 Фантазияның мәңгілік шарттарын осы заманғы ғылым да жоққа шығара алмайды.
***
 Құштар көңіл өзінің жақындағыларымен де, сүйініш-күйініштерімен де бөлісе алады – ол үшін тек қысқы кеш, үй сыртында ұйытқыған боран мен лаулап жанған от қана керек.
***
 Қажетке қол созудан гөрі, аста-төк артықшылыққа ұмтылыс рухты көбірек шабыттандырады: Адам пайда емес қажеттілік жасаумен айналысады.
***
 Теория дегеніміз – әлі толық жүзеге аспаған математикалық шындық.
***
 Сүйіспеншілікпен тазарғанда ғана нәзік құштарлық дегеннің не екенін сезінуге болады.
***
 От өмірдің бастауы деген пікір бар салада кездеседі және соның бәрінде дәлел дегеннің ұшқыны да жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *