ЭМИЛЬ ДЮРКГЕЙМ

ЭМИЛЬ ДЮРКГЕЙМ
(15 сәуір 1858ж., Эпиналь, Франция – 15 қараша 1917ж., Париж, Франция)

— француз философы әрі социологы. Француз социология мектебінің және құрылымдық-функциональдік анализдің негізін қалаушы. Социологияның жеке өз алдына ғылым ретінде бөлініп шығуына атсалысқан әрі әлемдегі тұңғыш социология профессоры.
Париж және Бордо университеттерінде социология пәнінен дәріс оқыған. 1896-1913 жылдары «Социологиялық жыл жаршысы» («Социологический ежегодник») атты социология саласындағы тұңғыш журнал шығарып тұрды.

Шығармалары:

«Социология элементтері» (1889-1917), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912), «Социология және философия» (1924), «О разделении общественного труда» (1893), «Правила социологического метода» (1895), «Самоубийство» (1897) және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Мәдениеттің қызметі жеке тұлғаның қажеттігінен туындайды деген көзқарастарға қарсы болды. Ол қоғамның алғашқы кезеңіндегі сол қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлестікті сезінуі туралы концепциясы белгілі дәрежеде ғылыми қызығушылық туғызды. Дюркгейм мәдени құбылыстың обьективтілігін айқындай келіп, оған кіретін ұжымдық таным құрылымын төртке бөлген: біріншіден, жалпы ортақ идея мен сезім (тіл, әдебиет, саяси, діни көзқарастар); екіншіден, имандылық пен адамгершілік қалыптар; үшіншіден, құқық және құқықтық сана; төртіншіден, экономикалық негіздер (ақша, салықтар, кіріс, баға, құн, экономикалық мақсаттар). Жалпы, Э.Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, мәдени қызмет әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартуға ықпал етуі тиіс.

Философиялық афоризмдері:

 Көсем мен көсемшелердің өздері басқарып отырған тобырдан айырмашылығы шамалы.
***
 Билік бедел жасауға қатысады, оның көмегімен бедел сананы билеп шыға келеді – биліктің күші осылай туады.
***
 Қанды кек (вендетта) – қоғам заңды деп тапқан жаза. Бірақ оны қолдану машақаты – жеке адамдардың өз еркіне қалдырылған.
***
 Суреткер болу міндетті емес, залым болу да – солай.
***
 Тұлға атану деген – іс-қимылдың дара қайнар көзіне айналу деген сөз.
***
 Анархия – пайдасыз құбылыс, өйткені ол кез-келген қоғамның тіршілік мүддесіне қарама-қайшы келеді.
***
 Шарт – айырбас символы.
***
 Әрекет туа бітті табиғатынан қылмысты болғандықтан қоғамдық сананың ашу-ызасын туғызбайды, қоғамдық сананың ашу-ызасын туғызғандықтан барып қылмысты атанады.
***
 Ғылымды түсіну үшін онымен іс жүзінде шұғылданып көрудің керек және былайша айтқанда, бәрін өз бойынан өткізуі қажет.
***
 Жекешіл идеализмге тоқтау сала алатын жалғыз күш – топтың тегеуріні.
***
 Өмір жақсы нәрсе екендігін дәлелдейтін бірден-бір тәжірибиелік дерек – көбіміздің оның адам айтқысыз азабын ажал тозағынан артық санайтындығымыз.
***
 Біз өз күшімізді әлдебір артық нәрселерге асыра жұмсай берсек, қажет нәрселерге жетпей қалуы мүмкін.
***
 Өмірді ол жерден де, бұл жерден де іздеп әуре болудың қажеті шамалы: ол барлық жерде де бар.
***
 Қоғамдық пікір айыптауынан да қатал айыпталатын әрекеттер бар.
***
 Асып-төгілген идеализм мен моральдік аста-төктік адамды өзінің күнбе-күнгі міндеттерін орындағысы келмейтін дәрежеге дейін құлдыратып жібереді.
***
 Әр халықтың да өзі өмір сүріп жатқан жағдайларға сәйкес айқындалатын өз адамгершілігі бар.
***
 Қанша көп түрлі дарынымыз болса да – бізге әлдебірдеңе жетіспейді де жүреді және ішіміздегі ең тәуірлеріміз де өздерінің толық жетілген тұлға емес екендіктерін іштей сезеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *