ВИЛЬГЕЛЬМ ВИНДЕЛЬБАНД

ВИЛЬГЕЛЬМ ВИНДЕЛЬБАНД
(11 мамыр, 1848ж, Потсдам – 22 қазан, 1915ж, Гейдельберг)

— немістен шыққан философ-идеалист, неокантиандықтың баден мектебінің басшысы.
Ол ғылымдарды пән жағынан емес («Табиғат туралы ғылым» және «рух туралы ғылым»), метод жағынан бөліп қарастырды. Құндылық пен шындықтың дуализімін Виндельбанд адам қызметінің қажетті шарты деп түсіндіреді, ал оның мақсаты құндылықтардың жүзеге асуы.

Негізгі идеялары:

«номотетикалық» ғылымдар шындықты жаратылыстану ғылымдары заңдарымен белгіленетін әмбебаптық көзқарастар арқылы зерделейді,
«идеографиялық» ғылымдар – өзінің тарихи қайталанбайтындығындағы жекелеген көзқарастар арқылы зерделейді,
Асқақ құндылықтар – ақиқат, игілік, сұлулық және әулиелік-адами қызметтің жалпы сипатын анықтайтын уақыттан тыс, тарихилықтан тыс принциптер болып табылады;

Философиялық шығармалары:

«Ежелгі философия тарихы» (1911), «Жаңа философия тарихы» (1913) және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Канттың адамның тану қабілеттерін таным процесінен бөлек, дербес алып, оның мүмкіндіктерін сынап көру дәстүрін қайта жандандыруға тырысқан. Жаңа кантшылдардың ұраны «Кантқа қайта оралайық!» еді. Сонымен бірге олар Ницшенің құндылықтар туралы ілімін де негізге алуға тырысты. Виндельбанд үшін философия кең тамыр жайып алған жалпы құндылықтарды сынап зерттейтін ғылым. Ғылымға байланысты ол адамдарға тыс заңдарды бар деп қарайтын табиғат туралы ғылымдарды және жеке тарихи фактілерді түсінуге ұмтылатын, яғни әр тарихи фактіні тек жеке, тек өзгешелігінде (даралығында) деп қарайтын ғылымдарды ажыратады. Яғни, тарихты онда белгілі жалпы заңдар бар деп түсінуден бас тартады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *