ЖАБАЙХАН МҮБӘРАКҰЛЫ ӘБДІЛДИН

ЖАБАЙХАН МҮБӘРАКҰЛЫ ӘБДІЛДИН
(16 ақпан, 1933ж. Павлодар облысы, Май ауданы, Майтүбек елді-мекені)

— қазіргі заманғы қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі.
Қазақты өзінің философиядағы ғылыми жаңалықтарымен әлемге паш етіп жүрген ғұлама. XX-ғасырдың 60-90 жылдары Қазақ Елі философиясының «алтын дәуірі», таным теориясы, логика, методология, диалектикалық ойлаудың үстемдік еткен заманы болды.

Философиялық шығармалары:

«Теориялық танымдағы бастама мәселесі», «Логика мәселесі және таным диалектикасы», «Таным диалектикасы мен логикасының проблемалары», «Қазіргі ғылымдағы нақтылық принциптері», «Кант диалектикасы» және т.б. көптеген еңбектер жазған. 5-томдық «Диалектикалық логика» жарық көрді.

Философиялық көзқарастары:

Әбділдин философиясында ғылыми-теориялық танымдағы бастама, алғашқы бастама мәселесіне жан-жақты талдау жасалған, оны тарихи-логикалық тұрғыдан қарастыра отырып, проблеманы нақты шешу мен ұғынудың қисыны дамытылған, бастама ұғымы мен соған қатысты категориялардың логикалық-гносиологиялық қызметі және мәні ашылып көрсетілген, ғылыми танымдағы оның методологиялық рөлін ашу жүзеге асырылған. Бастама дегеніміз әлдебір дерексіз ой емес, ол өз дамуында бара-бар күрделенетін тұтастық. Бастаманы негіздеудегі маңызды логикалық-әдістемелік бағдар қызметін қайшылық, тұтастық, өзін-өзі негіздеу мен нақты тарихилық принциптері атқарады.
Ж.Әбділдин: «Егер диалектика ғылым, адамзат дүниетанымының логикасы ретінде танылатын болса, онда ол да ең алдымен өзінің принциптеріне сәйкес дамуға және абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту, өрлеу ғылыми әдісімен құрылғаны жөн», — дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *