XV-XVIII ғ.ғ. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

XV-XVIII ғ.ғ. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

Қазақ философиясында өзінің лайықты орны бар кезеңдер:
1- кезең: XV-XVIII ғасырлар аралығы:
Қазтуған-жырау Сүйіншіұлы (ХVғ.), Асан-Қайғы Сәбитұлы (1361-1469), Аймадет Доспамбет-жырау (1490-1523), Жиембет-жырау Бортоғашұлы (ХVІғ.), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Ақтамберді-жырау Сарыұлы (1675-1768), Тәтіқара-ақын (ХVІІІғ.), Бұқар-жырау Қалқаманұлы (1685-1777), Шал-Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) және т.б.). Жалпы, қазақ ақын-жырауларының шығармалары терең мағыналы философиялық ойларға толы, сондықтан төл мұраларымыздың бай қазынасы болып табылады.
Кейін, зар-заман ақындарының поэзиясы мен әлеуметтік философиясында өз рухани жалғастығын тапты:
2- кезең: XIX-XX ғасырлар аралығы:
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846), Шернияз Жарлығасұлы (1806-1867), Жанақ Сағындықұлы (1770-1846), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898), т.б. «Зар-заман поэзиясы» өкілдері – Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1819-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906), т.б. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетінде, тарихы мен өнерінде «ақтаңдақ» тұстар кездеседі. Халық жадында жүрген, көптен бері айтылмай, ашылмай жүрген сол «ақтаңдақтардың» бірі – зар-заман поэзиясы, оның өкілдерінің әлеуметтік-дүниетанымдық көзқарастары. Белгілі бір тарихи кезеңдерде өмір сүрген әрбір тұлға немесе ақын – өз дәуірінің, өз қоғамының перзенті. Сондықтан да ол өз заманының әлеуметтік күйін, тұрмыс-тіршілігін толғайды. Сол өмір сүрген кезеңіне, зердесіне қарай, өз көзқарасы тұрғысынан қарайды.
XX-ғасырдың бірінші жартысында:
қазақ философиясында өзіндік ерекшеліктерімен, рухани тың ізденістерімен көзге түскен, бірақ совет заманында көзден таса болған ағым, бұл – діни ағартушылар еді: Ақмолла Мұхамедиярұлы, Нұржан Наушабайұлы, Әбубәкір Кердері, Шәді Жәңгірұлы, Мақыш Қалтайұлы және т.б. да ақын-ойшылдар дінді уағыздаушылар емес, дінді ілім ретінде, тиянақты білім алатын жолдардың бірі деп қарастырды (Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009. 131-132 беттер).
Жалпы, қазақ арасынан шыққан ақын-жырауларының дүниетанымы, олардың философиялық көзқарастары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *