ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ

ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ
(1103ж. қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам – 1167ж.)

— ұлы ойшыл, ақын, діни қайраткер. Қазақ жерінде дүниеге келген, сопылық-мистикалық ағымның негізін қалаушы. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтың, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы тұлға.

Шығармалары:

149 — хикметтен тұратын «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты діни-философиялық еңбегі бар.
Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Иассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Иассы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты – Қарашаш.
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
… Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны, Машайықтар ұлығы – шейхым Ахмет Ясауи.
….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы, Машайыктар сарасы – шейхым Ахмед Ясауи.
Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.

Философиялық көзқарастары:

Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазаққа, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Ол әрі ақын, әрі ғалым, ислам дініне берілген адам. Софылық өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікті, дүниеқоңыз болып арын сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық-зомбылығына, харам іс-әркеттеріне наразылықтан өмірден безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың діни бағыты. 1083 жылдары дүниеге келген Иассауи 63 жасқа шыққанда дүниеден безіп, қалған өмірін жер астында өткізген.
Оның қалың ел арасында беделі сонша, оны халық әулие тұтқан. Сондықтан да Иассауи құрметіне арнап XIV ғасырдың аяқ кезінде бүкіл Орта Азия сәулет өнерінің керемет туындысы, Қожа Ахмет Иассауи ескерткіш-мавзолейін салдырды.

Философиялық афоризмдері:

 Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.
***
 Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.
***
 Тасжүрекке құдай назар салмайды.
***
 Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.
***
 Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.
***
 Кімді көрсем қызмет қылып құлы болдым.
***
 Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
***
 Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.
***
 Нәпсіңді тиғың келсе – қорлыққа да көнуге тура келеді.
***
 Іші қулыққа толының, көкірегінде ары жоқтың жүрегі дірілдемейді.
***
 Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.
***
 Имансыздың көңіл көрнегі ешқашан толмайды.
***
 Аштан өлер болсаң да – нәмартқа міндет артпағын.
***
 Құл Қожахмет, наданға сөз айтпағын,
Өзіңнің асыл сөзіңді арсымас пұлға сатпағын.
***
 Алланы айтып тәуба қыл, алланы ойла.
***
 Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады.
***
 Ғашықтық оты жан мен тәнді бірдей өртейді.
***
 Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың.
***
 Шынайы ынтызарлық – ғашықтың бақыты.
***
 Құштарлықсыз хақ тағаланың жүзін көре алмайсың.
***
 Дүниеқоңыздың ішіне шайтан кіреді.
***
 Ақ көңіліңмен алла дегеніңді тәңірі біледі.
***
 Нақақ жалаға қол қойған қазы, имамдар өздері шығарған үкімдердің астында қалады.
***
 Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.
***
 Таңдап тәтті жегендер де, атлас-қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір күні жермен-жексен болады.
***
 Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып мәнсіз біреулерді жер-көкке сиғызбай мақтайды.
***
 Жарым ақыл жарлылар өзгелерді иландыру үшін әулиелердің терме-нақылдарын теріс пайдаланады.
***
 Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл – пайғамбарымыздың өнегесі.
***
 Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.
***
 Ақырзаман адамдары үйлерін өрнектеуге, күйкі тірлікті күйттеуге әуес келер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *