ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН (ЖҮСІП«ХАС ХАЖЫБ» БАЛАСАҒҰНИ)

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН (ЖҮСІП«ХАС ХАЖЫБ» БАЛАСАҒҰНИ)
(1015ж. Баласағұн, қазіргі Қырғыз Республикасы, Тоқмақ – ? ж. Қашқар)

— Орталық Азияның белгілі философ-ақыны.
Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағын (Баласағұн) қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп те атаған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған.
Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағын қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен.
Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алды.

Шығармалары:

«Құтадғу білік» (Құтты білік) атты дидактикалық поэмасы.
Бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп, бұған қоса оның арғы тегіне арнап
«Дәрдә Хұсайын» (Хұсайынның қасіреті) деген күй шығарған. Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» деген атақ берген. Жүсіп Баласағын аты жөніне «Хас Хажыбтың» тіркелуінің мәнісі де осында. «Хас Хажыб» араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.
Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубайлары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең.
Жүсіп Баласағын (Қашқар) қаласында жерленіп мазар салынған.

Философиялық афоризмдері:

 Күншілдік – көп болып емдейтін дерт.
***
 Қызғаныш қайда болса – ұрыс-керіс те сонда.
***
 Шарап деген – білім мен ақылға жау, шараптың шатағы сол – ұрыс пен дау.
***
 Көк езу – жаман пиғыл, нәмәрт кісі, адамның қадірлісі – жомарт кісі.
***
 Жамандық – алтын басыңды аяққа сүйрейді.
***
 Көз – жіті, құлақ сақ, көңіл – кең болуы керек.
***
 Ақ көңілділік – адам ойының тазалығының белгісі.
***
 Қайғы басса – ағаш атқа жайдақ мінерсің.
***
 Қайғыру бар, сәтті бар – ащымен бірге тәтті бар.
***
 Уайым жоқ – сөзің тегін кетпесе, өкініш жоқ – күнің босқа өтпесе.
***
 Рахат іздесең – бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең – қайғысынан қашпа.
***
 Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде – өнерімен қуантады түбінде.
***
 Кейін өзің қалмау үшін табаға – жөнге салып, ие болғын балаға.
***
 Өнер-білім берем десең басынан –бер оқуға балаларды жасынан.
***
 Сұлу әйел алған – өмір бойы қарауыл болып өтеді, бай әйел алған – өмір бойы құл болып өтеді.
***
 Аз жақсылық жасағанға да – көп рахмет айту парыз.
***
 Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.
***
 Құрсақта біткен мінез – қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді – өлгенше өзгерте алмайсың.
***
 Үш тағанның бірі қисайса – қалғандары да құлайды.
***
 Дос табу оңай – сақтауы қиын, жауласу оңай – тоқтауы қиын.
***
 Көңіліңе қарай – дос таңда, күшіңе қарай – жүк таңда.
***
 Қолдаушың көп болса – мақтауға сөз табылар.
***
 Үй сатып алсаң – көршіңе қара, жер сатып алсаң – суына қара.
***
 Ағайынмен – сыйлас, үлкен мен кішіге – күле қара.
***
 Дүниеге жаям десең атыңды – жолаушыға қызмет қыл татымды.
***
 Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме – жайлап сөйлес, жөнсіз билеп — төстеме.
***
 Басшысы – қадірлі болса, қарамағындағылары – мәзірлі болады.
***
 Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма!
***
 Бек қызыққа құмар болса – қалған елдің күні қараң.
***
 Қажыға барам десең – мал жи, қазы болам десең – ар қи.
***
 Қылыш ел шауып, қазына құрайды, қалам – қазына тауып, қайыр сұрайды.
***
 Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде.
***
 Жақсының – тілегі таусылмайды, жаманның – мұңы бітпейді.
***
 Жақсы-жақсы тілек тілейді, жаман – күнде қарғап сілейді.
***
 Тілі мен нәпсісін тия білген – қасиетті бойына жия білер.
***
 Бақыттың да басы айналар кез келер – мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.
***
 Алтын-күміс жиған адам бай емес – сөз жиған адам бай.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *