ЛЮДВИГ АНДРЕАС ФОН ФЕЙЕРБАХ

ЛЮДВИГ АНДРЕАС ФОН ФЕЙЕРБАХ
(28 шілде, 1804ж, Ландсхут, Бавария – 13 қыркүйек, 1872ж, Нюрнберг, Бавария, Герман империясы)

— атақты немістің классикалық философы, материалист, қылмыстық құқық бойынша маман-криминологтың баласы.

Философиялық шығармалары:

«Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын»,
«Болашақ философиясының негізгі қағидалары»,
«Предварительные тезисы к реформе философии» және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның диалектикасын жоғары бағалап, жас гегеляншылар қатарында болды. Кейін келе, ол Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықтан философияның бірден-бір міндеті дінге қарсы күресу деп тұжырымдады.
Құдай – адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз алдына мән ретінде қалыптасқан ұғым. Шындап келгенде, Құдай деп жүргеніміз адамның өзі. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін. Сондықтан Кант пен Гегельдің адамды рухани құбылыс ретінде қараулары негізсіз. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Тән өлгенде жан да өз өмірін тоқтатады. Адамның мәні – ақыл-ой, жігер, жүрек (жан мағынасында) және физиологиялық процестерге жатпайтын өзіндік ерекшеліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тығыз байланысты. Адам – табиғаттың ең жоғары нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті – табиғатты зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. О дүниеде жақсы өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, осы дүниеде қалай жақсы өмір сүруге болатынын, оның жолдарын іздестіру керек. Осындай жақсылыққа апаратын жол, Құдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді Фейербах.
Фейербах Канттың таным тұжырымдамасын сынға ала отырып, адам ақыл-ойы обьективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным процесінде басты рөлді сезім атқарады, ал ойлаудың қызметі – сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстыру.
Людвиг Фейербах – классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Фейербах Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан-ашық материалистпін деп жариялады. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастауыш, сананы – баяндауыш деп түсіндірді. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәңгі және шексіз. Сана соның тек көшірмесі, ал спихолог – идеалист, сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді деп жазды Фейербах. Бірақ, ол антропологиялық материялизмді қуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы деп түсінді. Сондықтан одан өзін аулақ ұстамақ болды. «Шындық идеализмге емес, материализмде де емес, шындық тек антропология», — деп жазды Фейербах. Бірақ, ол өзінің антропологиялық материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады.

Философиялық афоризмдері:

 Бақытқа ұмтылыс жоқ жерде, жалпы ұмтылыстың өзі де болмайды.
***
 Адам тек өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады.
***
 Дүние тек бейшара кісіге сұрықсыз, дүние тек жеңілтек адамға бос.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *