ЭТЕНЬ БОННО ДЕ КОНДИЛЬЯК

ЭТЕНЬ БОННО ДЕ КОНДИЛЬЯК
(30 қыркүйек 1715ж, Гренобль, Франция – 3 тамыз 1780ж. Лаи-ан-Валь, Франция)

— аббат, француз философы.
Оның ағасы – белгілі Мабли аббат, әрі ол атақты д’Аламбердің туысы болып келеді. Біраз уақыт энциклопедистердің ортасында да болды, 1768 жылы ол француз академиясының мүшесі болып сайланды.

Философиялық шығармалары:

«Опыт о происхождении человеческих знаний», 1746), «Трактат о системах», 1749), «Трактат об ощущениях», 1754) және «Трактат о животных», 1755).
Өз өмірінің соңында логикадан еңбек жазып қалдырды («Язык исчислений»), кейін ғана ол жарыққа шықты. Инфант дон Фердинанд Людовик XV–нің немересін тәрбиелеуде, Кондильяк алтытомдық «Курс занятий по обучению принца Пармского» атты еңбек жазды, онда тіл білімі, әдебиет, риторика, философия тарихынан көптеген мағлұматтар бар.

Философиялық көзқарастары:

– Ол көбіне таным мәселесіне көп көңіл бөлді:
 дүниені танып-білуге болады;
 адам қоршаған дүниені өзінің таным қабілетіне, яғни сезімі, ақылына сай тани алады;
 қоршаған дүние – барлық білім көзі; таным негізінде сезімдік қабылдау жатыр;
 сезімдік қабылдау болмай, рационалдық таным өзінше дербес бола алмайды; т.с.с. деп санады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *