ШАРЛЬ-ЛУИ ДЕ СЕКОНДА БАРОН ЛА БРЭД И ДЕ МОНТЕСКЬЕ
(18 қаңтар, 1689ж. Ла-Бред Жиронда, Франция – 10 ақпан, 1755ж. Париж)
— француз жазушысы, құқықтанушы әрі философ, деизм және механикалық материализм өкілі.
Философиялық шығармалары:
«Фарсылық хаттар» романының, «Римдіктердің ұлылығы мен күйреуінің себептері туралы пікірлер», «Энциклопедии, или Толкового словаря наук, искусств и ремёсел» мақалаларының авторы.
Философиялық көзқарастары:
Монтескье әр халықтың және елдің заңдарын, саяси өмірін табиғи және тарихи жағдайлардың ерекшеліктерінен деп түсіндіреді.
Заңдар табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи заңдарға әр елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа-райы, жер-реңі, т.б.) қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. Бұл заңдылықтар – мәңгі, өзгермейді. Осы заңдар негізінде өзгермелі қоғамдық заңдар қалыптасады. Мемлекеттік басқару ісі билеуші бекіткен қоғамдық заңдар бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Билеу түрінің өзі мемлекеттің жер көлемінің үлкен-кішісіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай Монтескье үлкен мемлекеттер үшін – деспоттық, орта көлемді елдер үшін – монархиялық, ал шағын көлемді елдер үшін демократиялық билеудің түрлері тиімді деп есептейді. Оның пікірінше, билік бөлініп: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері дербес, бір-біріне тікелей бағынбайтын болып қызмет атқарулары керек.
Монтескьенің саяси-әлеуметтік ілімдері қоғам дамуының қозғаушы күштерін айқындауға, қоғамдағы болашақ реформалардың тиімді жолдарын қалыптастыруға негізделгендіктен, оның біршама ойлары кейінгі ойшылдарға, саясатшыларға зор әсер етті.
Философиялық афоризмдері:
Балалардың бойында атамекенге деген сүйіспеншілік сезімін оятудың ең жақсы құралы – бұл сезімнің олардың әкелерінің бойында болуы.
***
Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтілмесе, жайнап өспейді.
***
Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз – тіршілікте болмай тұрмайтын жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген сөз.
***
Бостандық дегеніміз заң бойынша рұқсат етілгеннің бәрін жасау құқы.
***
Бай адамның жақсы азамат болуы қиынның қиыны.
***
Билік құмар адам мемлекет мүддесінен гөрі өз пайдасын көбірек ойлайды.
***
Платон өзінің парызын орындағаны үшін сыйлық алушыларды өлім жазасына кесу керек деп талап еткен.
***
Жолдан таюдың екі түрі бар: біреуі –халықтың заңды орындамауы, екіншісі – заңның халықты бұзуы: соңғысын емдеу қиын, өйткені дәрінің өзі дімкәс қой.
***
Адамдар жалпы үміт пен қорқынышқа тым әуес келеді.
***
Қарама-қайшылық кемшіліктің ғана емес, артықшылықтың ғана белгісі.
***
Награда үлестіру іріп-шірудің бір белгісі десе де болады. Ең нашар императорлар ең көп награда таратушылар ретінде аты шыққан.
***
Деспот билік құрған жерде жақсы ойлар да, жаман ойлар да бірдей зиянды. Өйткені, онда бірдеңені сөз етудің өзі басқару қағидатына қайшы келеді.
***
Еркін елде көбіне кімнің, нені, қай саққа жүгіртіп, қалай сөз етіп жүргенінде ешкімнің ісі болмайды. Әйтеуір ауыздарына құм құйылмаса болды. Өйткені, олардың емін-еркін сөйлеуі сол сөздердің жамандыққа жетелеуіне жол бермейтін жақсы ахуал туғызады.
***
Заң аясында және әділдік туы астында жүзеге асырылатын озбырлықтан асқан қатал жөнсіздік жоқ.
***
Дүниеде бар нәрсенің бәрінің өз заңдылығы бар.
***
Меніңше, бірге жиналған жерде ең ұлы адамдар да топастанып қалады және данышпандар көп болған жерде даналық та аз болады.
***
Айтары жоқ адам үндемей отыра алса.
***
Халық өзі қалыптасқан кезде құлдырамайды: ол озық адамдар азғындық жолына түскенде құрып кетеді.
***
Әрбір идея оның алдындағысынан пайда болып, өз кезегінде кейінгісіне түрткі болады …, міне, сондықтан көңіл әрдайым жаңаны іздеп, ешқашан қол жеткенді місе тұтпайды.
***
Дүниедегі ең ұлы нәрсе – бұл өзіңді ұстай білу.