ДЭВИД ЮМ

ДЭВИД ЮМ
(7 мамыр (ескі стиль бойынша 26 сәуір), 1711ж. Эдинбург, Шотландия – 25 тамыз, 1776ж, сонда)

— шотландтық философ, субьективтік идеалист, тарихшы әрі публицисі, эмпиризм және агностицизм өкілі, Шотландтық Ағартушылық бағыттағы ірі қайраткерлердің бірі.

Философиялық шығармалары:

«Адам табиғаты туралы трактат» (1740), «Саяси тақырыпқа эссе» (1752), «Таным туралы», «Аффектілер туралы» (1739), «Мораль туралы» (1740), «Адамдық таным туралы ізденіс» (1748), «Мораль принциптері туралы ізденіс» (1751), «Жаратылыстану діні туралы сұхбаттар» (1751), сегіз томдық «Англия тарихы» (1754), «Жаратылыс дінінің тарихы» (1757) және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Юм ешқандай түпнегізді (субстанцияны) мойындамайды. Себебі ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін обьективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибие арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, Құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандылық, қайырымдылық, көрегендік т.б. сол сияқты қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен алыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғымы – үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибиенің өзі, Юмнің түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибие және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» — өзіне себептілік инстинктінің көмегі арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм обьективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған идеяларды субьективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибие шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибиелік деректерден трансценденттік идеяларға (құдай, «мәңгі өмір», т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты – тәжірибие арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.
Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек, ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап,олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.
Юм – осы уақытқа дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық-антропологиялық тұрғыдан философиялық-рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.

Басты идеялары:

 Болмыс пен рух қатынасы мәселесінің шешімі жоқ.
 Адам санасы идеяға бейімделген.
 Тәжірибиелік таным негізі – қабылдау.
 Таным процесінде біз түйсіктің қайнар көзімен емес, оның мазмұнымен кездесеміз, сондықтан біз дүниенің обьективті бар немесе жоқ екенін нақты дәлелдей алмаймыз.
 Адамның өзі шоғырланған идея (адам өмірі дегеніміз оның идеалды күштері – тәжірибие, білім, сезімдерінің өсу процесі).
 Адам екі идеалды бастамадан тұрады: «сыртқы тәжірибиемен әсерлену», яғни қабылданған білім мен тәжірибие; «ішкі тәжірибиемен әсерлену», яғни аффектер, құлшыныстар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *