ДЖОН ЛОКК

ДЖОН ЛОКК
(29 тамыз, 1632ж, Рингтон, Сомерсет, Англия – 28 қазан, 1704ж, Эссекс, Англия)

— британдық педагог әрі философ, эмпиризм және либерализмнің өкілі.
Сенсуализмнің тарауына атсалысушы (яғни, барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады дейтін принциптің негізін салды). Оның идеялары эпистемология және саяси философияның қалыптасуына орасан зор әсер етті. Ол аты шыққан беделді Ағартушылық ойшылдарының және либерализм теоретиктерінің арасында аса танымал болды. Локктың хаттары Вольтер мен Руссо шығармаларына, сондай-ақ көптеген ағартушы шотланд ойшылдары мен американдық революционерлерінің еңбектеріне ықпал етті. Тіпті американдық тәуелсіздік Декларациясында да өзінің ізін қалдырды.

Философиялық шығармалары:

«Ақыл-парасат туралы тәжірибие» (1690), «Төзімділік туралы хаттар» (1690-1693), «Үкімет туралы екі трактат», «Түсінікті пайдалану туралы» (аяқталмаған), «Сенім төзімділігі туралы хаттар» (1685-1692), «Христианның парасаттылығы» (1695), «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» (1690) және т.б.
Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім тәжірибиеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибиенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан дейді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады: біріншіден, адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибие арқылы пайда болады. Екіншіден, адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибие арқылы мазмұнға толады. Үшіншіден, ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе – түйсік.
Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну және ішкі рефлексия (өзін-өзі бақылау) деп екіге бөлінеді. Сыртқы түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлексияның негізі – адамның өз көңіл-күйін іштей сезінуі, қиналуы немесе мақұлдауы.
Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: біріншісі – сапалы идеяларға денелердің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субьективтік тұрғыдан қабылдаймыз.
Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар, ұғымдар қалыптасады. Олар тек тәжірибие арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі – сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: «көк» ұғымы – көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы – көру және сезіну түйсіктері арқылы пайда болған. Мұндай ұғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. «Бірінші» және «екінші» сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты әртүрлі қабылдануы мүмкін.
Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.

Философиялық көзқарастары:

Адамның қуанышын тудыратын және күшін өсіретін істің барлығы – игілік, оған қарама-қарсы іс-әрекет – бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан, ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс. Жалпы, Локктың ілімдері механикалық-метафизикалық философияның ірге тасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама ойшылдарға үлкен әсер етті.

Философиялық афоризмдері:

 Көкейдегі ойды айқын түсіндіретін нәрсе – адамның еңбек әрекеті.
***
 Көп білем десең, Аздан бастап үйрен.
***
 Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.
***
 Жұртқа іскер адамнан гөрі ізетті адам көбірек ұнайды.
***
 Аярлығын жасырардай айлакер болу қиын.
***
 Дөрекі адамның бірінші белгісі – өзгелерге ненің ұнап, ненің ұнамайтындығын ойлап, бас қатырып жатпайды.
***
 Қорқыныш дегеніміз – жайсыздықты күтіп мазасыздану жағдайы.
***
 Айлакерлік – маймыл тектес даналық.
***
 Өзінің қалауынсыз ешкімді де бай немесе бақытты ете алмайсыз.
***
 Халық тағдыры үшін жамандық жасау арқылы жақсылыққа жетуден асқан бақытсыздық жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *