ЖАН КАЛЬВИН

ЖАН КАЛЬВИН
(10 шілде 1509ж – 27 мамыр 1564ж)

— француз Құдай-сөзінің білгірі (богослов), шіркеу реформаторы, кальвинизмнің негізін қалаушы. Мартин Лютердің ізбасары, оның идеяларын бір жүйеге келтіріп жалғастырушы.

Философиялық шығармалары:

«О христианской философии» (1533), «Сон душ» (1534), «Наставление в христианской вере» (1536), «Катехизис» (1537), «Послания к Римлянам» және «Небольшой трактат о Святом причастии» (1539).

Негізгі идеялары:

Протестантизм идеясының негізі – алдын ала білу (жазмыш, тағдыр) идеясы;
Құдай адамдарды құтқаратынын немесе құтқармайтынын алдын ала анықтап қойған;
Адамдар өздерінің құтқарылатынынан үмітін үзбеу керек;
Адамның жер бетіндегі өмірінің мәні – кәсіпке (мамандыққа) ие болу;
Кәсіп (профессия) – бұл тек күнкөріс қана емес, сонымен қатар ол Құдайға құлшылық ету орны;
Өз ісіне ынтамен, жауапкершілікпен қарау – құтылудың жолы;
Жұмысындағы жетістік – Құдайдың мейірімінің белгісі;
Жұмыстан тыс жерде қарапайым, аскет бол;

Діни-саяси көзқарастары.

 Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтірумен, әрі өзінің теориялық діни-философиялық ілімімен бірге протестантизмді практикада, іс жүзінде жүзеге асырды;
 Женевада протестандық қозғалысты басқарды;
 Женевада католиктік Шіркеу мен Рим Папасының билігін (Кальвиннің өзі «Женевалық Папа» деген атқа ие болды) жойды, реформаланған (кальвинистік) Шіркеуді ресми түрде мойындаттырды;
 Зайырлы билікті кальвинистік Шіркеуге бағындырды;
 Тек Шіркеуде ғана емес, сонымен бірге қалада да реформа жүргізді: католиктік мерекелерге, ырымдарға, жылтырақ киінуге, думан-сауыққа, әшекей-бұйымдарға тыйым салды; азаттарды аскетизм, пуританизм, өз жұмысына ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу мақсатымен тұрғындарға қатаң пасторлық бақылау қойды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *