ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ

ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ
(15 ақпан, 1564ж, Пиза – 8 қаңтар, 1642ж, Арчетри)

— итальяндық физик, механик, астроном, философ және математик.

Шығармалары:

«Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар», «Табиғат туралы кітап», т.б. Ол ең алғаш рет аспан әлемін зерттеуге арналған телескопты пайдаланды және ғылымда бірқатар астрономиялық жаңалықтарды ашты. Галилей – экспериментальді физиканың негізін қалаушы. Өзінің тәжірибие-эксперименттерінің арқасында Аристотельдің ойқорытындыдан тұратын метафизикасын жоққа шығарып, классикалық механиканың тұғыртасын қалады.

Философиялық көзқарастары:

Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы: біріншісі – қатты және серпілмелі заттардың сыртқы күштерге қарсылығы, екіншісі – денелердің құлау заңдылықтары – оның философиялық көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті. Оның пікірінше, философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат туралы кітабын оқуы керек. Табиғаттың кітабы үшбұрыш, квадрат, дөңгелек, шар, т.б. тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ, керісінше, таза тәжірибиеге сүйенген математикалық тәсіл керек. Ғылыми-зерттеу жұмысында ешқандай беделді мойындамау керек, тек күмәндану ғана оны ілгері дамытады. Теория, концепцияларды бақылау, эксперимент негізінде, индуктивтік тәсілді қолданып тұжырымдауға болады. Тек механикалық әдіс қана әлемдегі құбылыстарды және олардың мәнін түсініп-білуге мүмкіндік беретіндіктен, бос схоластикалық ойлауға әкелетін дедуктивтік (жалпыдан жалқыға) тәсілдің өміршеңдігі жоқ.
Ол Коперник пен Бруно сияқты Жер өз осімен Күнді айналып жүреді және ол Күн жүйесіндегі көптеген планеталардың бірі ғана, ал Күн жүйесі сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп және олардың көпшілігінде жердегідей тіршіліктің болуы ғажап емес деген пікір айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *