НИКОЛАЙ КОПЕРНИК
(19 ақпан, 1473ж, Торунь – 24 мамыр, 1543ж, Фромборк)
— поляк арасынан шыққан астроном, математик, экономист, каноншы. Ғылыми революцияның бастамасы болған әлемнің гелиоцентристік жүйесін алғаш айтқан.
Астрономиялық зерттеулерге сүйеніп, болмыстың мына бейнесін көрсетті: Жер Әлемнің орталығы емес (геоцентризмді теріске шығарды), Жер Күнді айналады (гелиоцентризм), барлық ғарыштық денелер өз траекториясымен қозғалады, ғарыш шексіз, ғарыштағы құбылыстарды табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге болады.
Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз саласының дамуы болды.
Философиялық шығармалары:
Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперниктің басты еңбегі – «Аспан сфераларының айналуы».
Негізгі идеясы:
Аристотель – Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашу: Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің осьімен айналады; Дүниенің ортасы – Күн, Жер осы Күнді айналады; Ай Жердің серігі;
Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыруға деген талпыныс еді:
«Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ».
«Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үшін де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәрінің қалыпты жағдайы».