ДАНТЬЕ АЛИГЬЕРИ (ДУРАНТЕ ДЕЛЬИ АЛИГЬЕРИ)

ДАНТЬЕ АЛИГЬЕРИ (ДУРАНТЕ ДЕЛЬИ АЛИГЬЕРИ)
(26 маусым 1265ж Флоренция – 13 қыркүйек 1321ж. Равенна)

— итальяндық ақын, итальяндық әдеби тілдің негізін қалаушылардың бірі.
«Комедияны» құрастырушы. Ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны.

Философиялық шығармалары:

Дантьенің ұлы шығармасына тәнті болған ұрпағы кейіннен оны (XVIғ.)
«Құдыретті комедия» («Тамұқ», «Күнәдан тазару», «Ұжмақ» – деген 3-бөлімнен тұрады) деп атады. Ол (1307-1321) кейіннен әлемге әйгілі шығарма болды. Онда ортағасырға тән сюжетті алып, өзінің қуатты көркемдік қиялымен оқырманды тамұқтан, күнәдан тазаруына жол ашады және ұжмақтан өткізеді. Аңқау кейбір замандастары ол «о дүниеде болып келген-мыс» деп ұққан. Тамұққа, терең жер астына, күнәһар адамдар, кісі өлтіргендер, өзіне қол салғандар түседі де, мәңгілік рухани және дене азабын тартады. Күнәдан тазару жолына түскендер тауға шығып, күнәдан тазарған соң, ұжмаққа кіреді. Күнәдан тазарып, ұжмаққа барғанша көп азапты жолдардан өтеді. Ал ұжмаққа кіргендер өмірін мәңгі-бақи рахатта өткізеді.

Философиялық көзқарастары:

Біріншіден – христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлап сынға алды;
Екіншіден – адамды мадақтады;
Үшіншіден – адамды Құдай жаратты дегеннен алшақ тұрды;
Төртіншіден – адамды Құдайлық және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғынды;
Бесіншіден – адамның бақытты болашағына сенді, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеді;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *