ФРАНЧЕСКО ПЕТРАРКА
(20 шілде 1304ж, Ареццо – 19 шілде 1374ж, Аркуа, Падуи маңы)
— италиялық ақын, ойшыл, алғашқы гуманист, ғалым, қоғам қайраткері. Петрарка қайта өркендеу дәуірі әдебиеті өкілдерінің бірі.
Петрарка бастауыш білімді латын тілінде алған, кейін Монпельедегі құқық мектебінде, Болонья университетінде оқып, 1326 жылы діни дәреже алған. Авиньондағы Клара шіркеуінде сүйіктісі Лаураны кездестірген (1327).
Философиялық шығармалары:
Петрарка шығармаларында махаббат лирикасы ерекше орын алды. «Канцоньере» («Өлеңдер жинағы») aтты 2-бөлімді жинағында «Мадонна Лаураның өліміне» (1327–74) арнаған туындылары жарияланды. Куртуаздық лирика дәстүрінде жазылған жинаққа 317 — сонет, 29 — канцон, 9 — сикстин, 7 — баллада, 4 — мадригал, махаббат, философиялық, саяси тақырыптарға арналған үндеулер енді. Оның бұл жинағы ұзақ уақыт бойына еуропа лирикасының көшбасшысы болып келді. Петрарка өз заманындa классикалық көне мәдениетті жаңғыртушы, сөз өнерін мадақтаушы ретінде танылса, он алтыншы ғасырдан тек поэзияда ғана емес, эстетика пен сыншыл ой төңірегінде де петраркизм дәуірі басталды. Сципион Африканскийдің жорықтары туралы жазылған «Африка» (1338–42) aтты эпикалық поэмасы Рим мен Карфаген арасындағы соғысты суреттеді. Вергилийге еліктеп жазған 12-эклогтан тұратын «Буколиктер» (1346–57) еңбегі жарық көрді. Петрарка еуропа әдебиетінде aлғаш хат үлгісіндегі трактаттар жазды. Әулие Августинмен диалог түрінде құрылған «Дүниенің келеңсіздігі туралы» (1342–43) философиялық трактатында өзін-өзі байқау, тексеру көрініс тапқан. «Салтанат» (1354) Лаураға жолдаған аллегор. арнау болса, автобиогр. прозаның үлгісі «Ұрпаққа хат» (1374), «Проза туралы трактаттар» (1346–74), т.б. туындыларынан көрінеді.
Негізгі идеялары:
Адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір – жайсаң;
Адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;
Адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;
Адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;
О дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;
Адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы;