ӘБУ ЗЕЙД ӘБДРАХМАН ИБН МҰХАММЕД ИБН ХАЛДУН ӘЛ-ХАДРАМИ ӘЛ-ЭШБИЛИ

ӘБУ ЗЕЙД ӘБДРАХМАН ИБН МҰХАММЕД ИБН ХАЛДУН ӘЛ-ХАДРАМИ ӘЛ-ЭШБИЛИ
(27 мамыр, 1332ж, Тунис –17наурыз, 1406ж, Каир; 732 – 808 хиджра ж.)

— араб-мұсылман философы, кәсіпқой тарихшы, әлеуметтік ойшыл, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер.
Елші, Мысырда жоғары қазы болды. Әке-шешесі андалусиялықтар. Тунисте Құран, хадистер, құқық, грамматика, пиитика және т.б. оқыған, Феседе Әбу-Инан сұлтанның жанында қызмет еткен. Өзінің кейбір көзқарастарына байланысты кейін
Испанияға кетуге мәжбүр болады (1362); Кейінгі жылдары Ибн-Халдун ел билеушілерінің хатшысы (хат жазушысы) болып қызмет етеді.
1382 жылы ол Каирде тұрады, сонда профессорлық дәрежеге ие болады, содан кейін маликиттердің жоғарғы кадиі болып сайланады (шариғат соты). Әділдікті әрдайым өзінің өмірлік қағидаты еткен оның жаулары да аз болмады, оны кейбір қаскүнемдер өзін айыпты етсе, енді бірде оның ар тазалығына еш шүбә келтірмегендер қайтадан осы лауазым бойынша жұмысқа шақыртты. Ақсақ-Темір (Тамерлан) мысырлық сұлтанаттың иелігіндегі Сирияға басып кіргенде, Ибн-Халдун, Ибн-Арабшахтың айтуына қарағанда, өзінің билеушілерінің басы-қасында болып, өзінің ақылдылығымен көзге түсіп, атақты қолбасшы Темірланның көңілінен шықса керек және ол дереу Каирға өзінің бұрынғы қызметіне (жоғарғы кадийлік) жіберіледі (1400).

Философиялық шығармалары:

«Өмірбаян», «Мухассалдың мәні», «Үлкен тарих», «Муккадима» және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Ибн Халдун өз іліміндегі экономикалық теориясында жеке меншік проблемасын әзірледі, материалдық ынталандыру қажет деп есептеді, салық салу проблемалары бойынша өте маңызды жобалар әзірледі.
Әсіресе Ибн Халдунның өркениет туралы теориясына қосқан үлесі өте маңызды. Өркениеттердің құлдырау және құру себептерін аша отырып, Ибн Халдун өркениет құриды, ал мәдениет қалады деген қорытындыға келеді. Өркениет қандай да бір қоғам дамуының жоғары сатысы болып табылады, бірақ одан соң, заңды түрде, гүлденуден кейін күйреу басталады. Ибн Халдун мәдениет пен өркениеттің қатынасын тарихи жағынан бір-біріне жағдай жасайтындар ретінде қарастырады.
Ибн Халдун әділетсіздік өркениеттердің күйреуіне әкеледі деп есептейді.
Ибн Халдун өркениеттерді жіктей отырып, асабийаның әртүрлі деңгейлерін көрсетеді. Мысалы, ең жоғарысы — бәдәуилерде, көшпелілерде. Көшпелілер мәдениетінде асабийа экономикалық, әлеуметтік, аумақтық, тарихи жағдайларға ғана емес, сондай-ақ көшпелінің өнегелілік қасиеттеріне (мурувва) қарай өте жоғары дамуға қол жеткізеді. Ең жоғары өркениет-исламдық өркениет. Әділеттілік туралы Құдайлық заңдарға негізделген, ислам мемлекетін басқаруға енгізілген ислам ұстанымдары мұсылман мәдениетінің бұрын болып көрмеген гүлденуге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Ол мемлекеттердің құлдырау себептерін ашып көрсете отырып, сыбайлас–жемқорлық тәртіпті адамдардың ынтымақтастық сезімін жоққа шығарады деп есептеді. Бюрократтық аппараттың сыбайлас жемқорлығы және «дәулеттілердің билігі» еңбек өнімділігінің төмендеуіне, халықтың наразылығына, қоғам берекесінің кетуіне, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарына әкеп соғады.
Ол «билікті қолдарына толық шоғырландыруға қол жеткізген билеуші тап уақыт өте келе өсе түседі және өз қажеттіліктерін арттыра түседі, бұл оның қоғамдық ресурстардың сарқылуына, шаруашылық белсенділіктің құлдырауына, халықтың кедейленуі мен азғындауына, қуаттылықты жоғалтуға барабар бейімделу қабілетін төмендетеді. Бұндай жағдайларда сыртқы бәсекелестері мен өз халқының алдында қуаты мен берекесін көрсету әрекеттері, сыбайластарды сатып алу режимінің күйреуі мен биліктің алмасуын кейінгіге қалдыра алады, бірақ бөгет бола алмайды» деп есептейді.
Халдунның саяси және экономикалық сценарийі асабийа баяғыдан тек жекелеген адамдарға ғана асабийа болып табылатыны қоғамның заманауи модельдерінен айқын көрінуде. Заманауи тарихи-әлеуметтанушылық ілімде оның теориясы мемлекеттер дамуының болашағын көру үшін өте өзекті.
Ибн Халдун асабийа ынтымақтастық, топтасқандық, әріптестік ретінде әділеттілік, жауапкершілік ұстанымдарында құрылуы тиіс, әйтпесе мемлекет бұзылуға «дайын» болады деп есептеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *