ӨНДІРІСТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
1 Практиканың міндеттері мен мақсаттары
1.1 Кіріспе
Өндірістік практика жалпы білім беретін мекемелерде жүргізіледі:
— инновациялық мекемелерде (лицей, гимназия);
-орта кәсіптік оқу орындарында.
Керекті материалдық-техникалық жағдайлары мен жоғары білікті мамандары бар білім беру мекемелері 6В01606, 5В011400 «Тарих» бағыты бойынша өндірістік практиканың базалары болып табылады.
Өндірістік практиканың міндеттері:
-оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, әр түрлі сабақтарды өткізудің дағдыларын қалыптастыру;
-студенттердің зеттеу қызметінің ептілігін дамыту;
-студенттердің теориялық оқыту барысындағы алған білімдерін тереңдету мен бекіту;
-студенттерді практика базасының психологының кәсіби қызметінің және атқарымдық міндеттерінің сипатымен таныстыру.
2. Өндірістік практиканың мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Біліктілік талаптарына сәйкес мамандықтың студенті келесі негізгі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
— өзі туралы түсініктің қалыптасуы;
— кәсіби қызметінде барабар кәсіби нұсқауларды жасау.
3. Өндірістік практиканың мазмұны
Студенттер жұмысының мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік практика 3 кезеңге бөлінеді:
I кезең — нұсқаулық. Оның мақсаты- практикаға теориялық тұрғыдан дайындалу. Нұсқаулық конференцияда барлық ұйымдастырушылық сұрақтардың шешімдерін қарастырылады, яғни практиканың міндеттерімен, бағдарламамен, есептік құжаттамамен, факультеттік және топтық жетекшілермен (география бойынша әдіскерлер), практиканың бақылау мерзімдерімен танысу.
II кезең — негізгі. Ол екі мерзімнен тұрады: танысу және кәсіби-қызметтік. Бірінші аптада студент білім беру мекемесімен танысады, бекітілген сыныптың оқушыларын зерттейді, барлық сабақтарға қатысады, мұғаліммен тақырыптық жлспар құрайды, ал сынып жетекшісімен тәрбиелік іс-шаралардың жоспарын талқылайды. Бірінші екі күн ішінде практикант күнделікте жеке жоспар құрастырады, оны топтық жетекшіге бекітуге береді.
Күнделікті толтырылатын күнделіктегі жеке жоспар.
Жұмыс кезеңі келесі тоғыз апта бойы жүзеге асады, ол мерзімде студент келесі негізгі тапсырмаларды орындайды: бақылау және есептік тренингтік бағдарламаларды жүргізеді, психология, педагогика бойынша негізгі тапсырмаларды орындайды, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырады, ынталандыру материалдарын дайындайды. Сабаққа 2-3 күн қалғанда әр сабақтың конспектісін әдіскермен (өндірістік практиканың жетекшісімен) немесе психологпен бекітеді.
III кезең — бақылаулық-бағалаулық. Практика бойынша есепті дайындау мен рәсімдеу. Практиканың қорытындылау. Қорытынды конференцияға қатысу.
№ Мазмұны Оны йымдастырудың түрлері мен әдістері Орындау мерзімдері
1. I кезең — нұсқалық. 1.Практиканың базасымен танысу.
2.Практика базасының педагог-тарихшымен тікелей танысу.
3. Практика базасының педагог-психологының функциясымен және кәсіби міндеттерімен танысу.
4. Практика базасындағы педагог-тарихшының қызметін реттемелейтін нормативті құжаттармен танысу. 1 апта
II кезең – негізгі
Өндірістік практика базасындағы кәсіби қызметке қатыстыру
1. Жеке жоспар құру.
2.Педагог-тарихшының, сынып жетекшінің және т.б. практикалық психологиялық-педагогикалық іс-шараларына қатысу.
3. Базаның педагог-психологымен, әдіскерімен және практиканың жетекшісімен кеңесулер.
4. Практика базасындағы жұмысқа педагог-психологтың, сынып жетекшінің және т.б. көмекшісі ретінде қатыстыру. 2 апта
2. Байқау тарихи іс-шаралар
1. Мектеп тарихшысының жұмыс жоспарымен танысу.
2. Ортақ байқау психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың жоспарын құру.
3. Ортақ байқау психологиялық-педагогикалық іс-шаралар жоспарының сұрақтары бойынша базаның педагог-психологымен, әдіскермен және педагогикалық практиканың жетекшісімен кеңесулер.
4. Педагог-тарихшымен бірге бірнеше (3-тен кем емес) ортақ байқау , іс-шараларды өткізу 3 апта
3. Өздік тарихи іс-шараларды өткізу
1. Ортақ байқау іс-шаралардың нәтижелерін базаның педагог-тарихшымен, әдіскермен және педагогикалық практиканың жетекшісімен талқылау.
2. Өздік сабақ жоспарын базаның педагог-тарихшымен және педагогикалық практиканың жетекшісімен бірге құру және талқылау.
3. Практиканың базасында педагог-тарихшының және педагогикалық практиканың жетекшісінің тікелей бақылауымен іс-шараларды өткізу
(3-тен кем емес). 4-9 апта
4. Ғылыми-зерттеу қызметі 1.Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша ғылыми жетекшімен кеңесу, дипломдық жұмыстың шеңберінде пилотаждық зерттеу жүргізу үшін әдістер мен әдістемелерді іріктеп алу.
2. зерттеу жүргізу үшін ынталандыру материалдарын, арнайы бланктерді дайындау.
3. Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, практика базасының тарихшысының тапсырысы бойынша зерттеулерді жүргізу. Қалыптастырушы эксперименттің бағдарламасын әзірлеу (
4.Бақылау тобымен бірге пилотаждық зерттеуді жүргізу.
5. Қалыптастырушы эксперименттің бағдарламасын (түзету бағдарламасы) өткізу.
6. Бақылау және эксперименттік топтардың екінші реттік диагностикасын өткізу.
-Пилотаждық зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық талдауы.
7.Ғылыми жетекшімен кездесу, дипломдық жұмыстың эксперименттік бөлігін түзету.
8.Пилотаждық зерттеудің нәтижелерін практика базасының педагог-тарихшымен талқылау. 2-9 апта
III кезең — бақылаулық-бағалаулық.
Практика күнделігін рәсімдеу 1. Жиналған құжаттаманы сынып жетекшісіне тапсыру және мінездемені алу.
2. Жиналған құжаттаманы мектеп психологына тапсыру және мінездемені алу. 10 апта
5. Практиканың құжаттамасын дайындау Практика бойынша есепті дайындау. 10 апта
Қорытынды конференция Есеппен бірге баяндама жасау.
СТУДЕНТТІҢ МІНДЕТТЕРІ
Студент практика өту барысында міндетті:
— практиканың бағдарламасын толығымен жүзеге асыруға, жоғары оқу орнының белгілеген нысандағы практиканың күнделігін жүргізуге;
— практиканың тиісті базасындағы ішкі тәртіптің ережелеріне бағынуға;
— еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасының және өндірістік тазалық сақтау техникасының ережелерін оқып білуге және қатаң сақтауға;
-белгіленген нысан бойынша практиканың жетекшісіне жазбаша түрдегі есепті, барлық тапсырмаларды орындағаны туралы практика базасының жетекшісі қол қойған күнделікті тапсыруға.
ЕСЕПТІК ҚҰЖАТТАМА
1 Практиканың есебінде практиканттің практика барысындағы барлық жұмысы қамтылып көрсетілуі тиіс:
— атқарылымдар мен кәсіби міндеттер;
-практикалық психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың атаулары мен олардың мазмұны;
— практиканың оң және теріс кезеңдері;
-практиканың ұйымдастырылуын жақсартуға арналған студенттердің тілектері.
2 Практиканттің күнделікті жұмысы көрсетілуі тиіс практика күнделігі.
3 Зерттелетіндердің жұмысымен бірге пилотаждық зерттеулердің хаттамасы.
4 Практика базасының педагог-тарихшының пікірі.
4. КҮНДЕЛІКТІ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Күні Атқарылған жұмыс Атқарылғандығы жөнінде практика жетекшісінің бағасы
1 2 3
1 және 2 бағандар күнделікті толтырылады, ал 3 бағанды басқа күні толтыруға рұқсат етіледі.
2-бағанда іс-шаралардың атаулары (мысалы, құжаттарды зерттеу, сыныпты дайындау және т.б.), өткізілетін орны (мекеме, кітапхана, үйде немесе басқа жерде), атқарылған жұмыстың көлемі көрсетіледі.
Күнделікте өзінің ұсыныстарын, өзінің және серіктестерінің жұмысын бағалау және әсерлерін жазуға болады.
5. ЕСЕП ПЕН ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА АЙТЫЛАТЫН БАЯНДАМАНЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Практика соңында жазылатын есеп мыналарды қамтуы тиіс: практика мақсаттарының қысқаша тиянақтауы, мекеменің және оның жұмыс жағдайларының қысқа сипаттамасы, бірге жұмыс істеген адамдардың контингенті, орындалған іс-шаралардың жалпылау түрдегі сипаттамасы.
Қорытынды конференцияға студент практика барысындағы өзінің атқарған жұмысын және оның нәтижелеріне өзінің жеке қарым-қатынасын көрсететін 5-минуттік баяндама дайындау керек. Бұл баяндамада алға қойылған міндеттер орындалды ма жоқ па, және жаңа білімдер мен дағдылар алынды ма жоқ па, сондай-ақ әлеуметтік мекеменің қызметін жақсарту мақсатындағы тілектер айтылуы керек.
6. ПРАКТИКАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТӘРТІБІ
Практиканың нәтижелері сараланған сынақ (баға қоюмен бірге) түрінде бағаланады. Сонымен бірге ерекше есепке алынады:
• пікірде айтылған ой;
•күнделіктегі жазбалардың мазмұны және оны жүргізудің ұқыптылығы;
• есептің сапасы;
• қорытынды конференциядағы баяндама.
Есепті тапсыру мерзімін бұзғаны үшін, негізсіз келмей қалулар немесе белгілі бір тапсырмаларды орындаудан бас тарту үшін, күнделік жүргізудегі ұқыпсыздық үшін,сөзсіз, бағалар төмендетілетін болады.