Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» (2 сағат)
Сабақтың мақсаты:
Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, үзіндінің сюжетін меңгерту, үзінді мәтініне талдау жасау, жүйелі мазмұндауға үйрету.
Тақырыпты меңгерту арқылы ақыл-ойларын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетән дамыту, өздіктерінен қорытынды шығаруға дағдыландыру.
Шығарма мазмұны арқылы кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, адамгершілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу, қиыншылыққа төзе білуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, семантикалық карта, психологиялық талдау, ой шақыру, венн диаграммасы.
Сабақтың типі: бекіту, пысықтау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: С.Мұратбеков суреті, бейнебаян
Техникалық жабдықтар: компьютер, слайд.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология, музыка, өзін-өзі тану.
Күтілетін нәтиже:
Шығарманы жүйелі әңгімелей білу, негізгі кейіпкерді сипаттай білу, мінездеме беру, бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады, сөйлеу мәнерін жетілдіреді.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
— Балалар, біздер бүгін С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін қорытындылаймыз. Осы әңгімеден алған білімімізді ортаға салып талқылайық.
«Ой қозғау» үй тапсырмасын тексеру
/Оқушылар өз ойларын ортаға салады/
– Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?
– Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме?
Қандай шығармасын өттік? Кейіпкерлері кім еді?
– Жазушы «Жусан иісі» әңгімесінде қай жылдардағы оқиғаны баяндаған?
– ҰОС туралы не білеміз? Биыл неше жылдығын тойламақшымыз?
– Автор повесті неге «Жусан иісі»деп атаған?
– Әңгіме нешінші жақта баяндалады
Осындай ауыртпалық жылдардағы халықтың, елдің көрген қиындықтары «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянның тағдыры арқылы баяндалады.
Тақтадан суретін көрсетіп,жусанға сипаттама беру.
Жусан-күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде, шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-16 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жусан құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанның иісін «қазақтың иісі»деп те атайды.
«Қысқа да, нұсқа» (әр бөлімде не туралы екенін айтады)
I бөлім
Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.
II бөлім
Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.
III бөлім
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.
IV бөлім
Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.
Жоспар құру.
1. Балалық шақты еске түсіру.
2. Аянның қоныс аударуы.
3. Ауыл балаларымен достасуы.
4. Хат тануы.
5. Тобығын тайдыруы.
6. Ертегі айтуы.
7. Әжесінің қайтыс болуы.
8. Бапайдың үйіне көшіп келуі.
9. Интернатқа кетуі.
Топтастыру (тақтамен жұмыс)
— Кейіпкер дегеніміз кім?
— Шығармадағы кейіпкер кімдер?
Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
Садық — Аянның досы. Ауылда «бірінші атаман» атанған.
Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
Бапай — әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.
Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .
— Портрет деген не?
— Мәтіннен портретті табу
Әңгімедегі Аян бейнесін топтастырып, мәтіннен тауып оқу.
Әңгіме кейіпкері Аян қандай бала?
Еңбекқор Қамқор Білімге құштар Жігерлі
Көпшіл Сабырлы
Ақылды Алғыр Досқа адал Төзімді
Қосымша мәлімет
Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.
Отбасында он бес бала бар. Аян – Науқанның өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.
Кім? Қашан? Қайда? (семантикалық карта)
Аян Асылбек шал Ойындағы атаман бала Садық Тұражан Бапайдың кемпірі Есікбайдың анасы
1 – Әй, анау кім, ей? …
2 – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен? …
3 – Ойбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой …
4 Өй, қой, сен жүгіре алмайсың шойнаңдап
5 – Тұра ғой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін
6 Иә, неге келдіңдер , балалар?
7 Әй, жетпегірлер , тұрыңдар!
8 – Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын
(Шығармалардан үзінді бойынша оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады)
– Әй, анау кім, ей? (Садықтың Аянды ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)
– Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен? (Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)
– Ойбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой (Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)
– Өй, қой, сен жүгіре алмайсың шойнаңдап (балалар екіге бөлініп атыспақ ойнарда, атаман балалар Аянды топтарына қабылдамаған кезі)
– Тұра ғой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін (Есікбайдың анасы, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі)
– Иә, неге келдіңдер , балалар? (Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылбек шалдың айтқан сөзі)
– Әй, жетпегірлер , тұрыңдар! (Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)
– Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын (Аянның балалар үйіне кеткелі жатқан сәті)
«Теріп оқу» стратегиясы
1. Аянның ауылға келген сәті
2. Аянның тобығын тайдырып алған сәті
3. Аянның түс көрген сәті
4. Атаман балалардың ойынға қоспайтын сәті
5. Қаралы қағаз алғаннан соң, Аян кірген қораның ішін сипаттаған жерін тауып оқы
6. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқы
«Көз сал, ой жүгірт» бейнебаян
Оқушылар бейнебаянды көріп, өз ойларын ортаға салады
«Венн диаграммасы» дәптермен жұмыс
Ол кездегі «жетімдік» пен қазіргі кездегі «жетімдіктің» айырмасы бар ма?
Сол кездегі жетім балалар
Ортақ Қазіргі кездегі жетім балалар
Жоқшылықтан
Соғыс салдарынан жетім
қалды Жетім,
жүректері сағынышқа, мұңға толы Тәрбиесіздіктен
Ата – анасының құқығынан
айырлыған балалар
Тастанды балалар
«Екі жақты бақылау күнделігі» әдісі
Әңгімедегі қатты әсер еткен тұстар Себебі
— Балалар шығарма қалай аяқталатын еді?
(оқушылар жауабы тыңдалады)
Шындығында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Мұндай бала лдына нендей мақсат қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!
Жусанның ісін сағынбауы мүмкін емес қой.
Болжау кестесі
Аян бұл күнде қайда болуы мүмкін?
Шындығында не болды деп ойлайсың? ……
Сіздердің ойларыңша Аян Жусантөбеге соғама?
Шығарманың идеясы: Соғыс кезіндегі ауыл балаларының мінез-құлқын,көңіл күйін, тұрмыс-тіршілігін суреттеу.
Шығарманың тілі,стилі: Қарапайым сөздермен жазылған, тілі түсінікті, ауызекі сөйлеу стилі:
Соғыс кезіндегі балалардың ауыр еңбегі: Өгізді айдау, соқамен жер жырту,аштық, ұйықтамау.
Аян ертегісінің ерекшелігі: Қайғыны ұмыттырады, күлкіге бөлейді, батыл, ержүрек болуға шақырады.
Ұлттық құндылықтар: жетімді жылатпау, әке-отбасы тірегі, мейірім , қайырым
Әңгімедегі негізгі ой: Жетім Аянның тағдыр тауқыметіне шыдай білуі, жасық болмауы
Қорытынды
Сұрақтарға жауап бере отырып өз ойларын дәлелдеу
Егер сен автор болсаң әңнімені қалай аяқтар едің?
Бұл әңгімені «Аянның жетім қалуы» деп атауға бола ма?
Соғыс кезіндегі балалардың өмірі мен сендердің өмірлеріңді салыстырып айта аласыңдар ма?
Бұл әңгіме сендерге қандай сезім тудырды?
Мұғалім:
Сабақтың басында сіздер өз балалық шақтарыңызды еске түсірдіңіздер. Барлығы да қуанышты, күлкілі болды. Ал бүгінгі әңгімеде Аянның өмірінде ондай қуанышты сәттер мүлде болмаған. Көргені қорлық, жетімдіктің, соғыстың зардабы болды. Сондықтан Аянның тағдырын аямаған, сезінбеген адам болмаған шығар дей отырып сабағымызды қорытындылаймыз.
Біздің тілегіміз: Бейбітшілік, тыныштық
Соғысты сүймес адамдар
Бақытты болсын балалар!
Өркендей берсін қаламыз
Гүлдене берсін даламыз!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Үйге тапсырма:
Ойтолғау «Баяғда бір жетім бала болыпты…» деп басталатын Аянның ертегісін жалғастырып келу.
Отан, ерлік, батылдық, туған жер туралы мақал-мәтел жазып келу
.