«Жусан иісті дара талант»
/ «Бір ел -бір кітап» акциясына орай оқырман конференциясы/
Мақсаты: С.Мұратбековтың «Жусан исі», «Басында Үшқараның»әңгімелерін оқырманға насихаттап,оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,кейіпкерлер бейнесін ашу.
Түрі:Оқырман конференциясы
Жоспары:
І. С.Мұратбековтың өмір жолынан /Актив мүшесі Мұқан Қазима/
ІІ. «Бір ел-бір кітап» акциясының тарихы /Слайдпен көрсету/ актив мүшесі Шапқат Айгерім/
ІІІ «Шығарма өзегі-өмір» С.Мұратбековтың «Жусан исі», «Басында Үшқараның»әңгімелерін талқылау
Барысы:
Кітапханашы:
І Құрметті ұстаздар, оқушылар баршаңызға белгілі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Қазақстанда аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады.
2014 жылы республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы қазылар алқасының шешімі бойынша С.Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармалары Қазақстанда қалың оқырман қауымға жыл кітабы болып ұсынылды.
Ойсыз адам -суретшідей қаламсыз,
Оятпаса ой да ұйықтайды алаңсыз,-дегендей,қазіргідей ғылым мен техниканың қарыштап дамуы кезінде көбіміз кітап оқуда кенжелеп қалдық. Рухани сабақ аз жерде адам көзбен көргеніне ереді,ақыл-ойы еркін жұмыс істемейді.Адам ас пен судан ,киім кешектің жоқтығынан емес,ең алдымен ойдан азады.Ойды аздырмаудың құралы-рухани білім.Білімнің бәрі-кітапта. Көркем әдебиет адамның рухан дүниесін байытып,оларға көркемдік,сезімдік,адамгершілік,азамттық тәрбие берудің көзі,қайнар бұлағы болып табылады.Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра түсу үшін және сол арқылы дүниетанымдарын кеңейту үшін, биылғы жылы жаппай оқуға таңдап алынған С.Мұратбековтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізгелі отырған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!
2014 жылы бүкіл ел Сайын Мұратбековтың “Басында Үшқараның” және “Жусан иісі” әңгімелерін оқиды.
Сіздерді жазушының өмірі мен шығармашылығын актив мүшелері таныстырады.
Мұқан Қазима
І Сайын Мұратбеков (1936-2007) 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысы Қапал ауданының Қоңыр ауылында туған. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы жұмысшы болып бастаған. 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакцияларында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры.
1971 жылы Мәскеудегі Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты бітірген. 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. — Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының хатшысы, 1984-1986 жж. — «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. — Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы, 1992-1996 жж. — «Халық конгресі» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.
Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімелер жинағы «Менің қарындасым» 1961 жылы жарыққа шықты. Одан кейін «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) атты әңгімелер мен повестер кітаптары басылып шығады. Автор өз шығармаларында қарапайым халықтың мақсат-мұраттарына жету жайлы әңгімелейді.Оның шығармаларының басты кейіпкерлері – ауыл зиялылары, қойшылар, оқушылар.
2014 жылы республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы қазылар алқасының шешімі бойынша С.Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармалары Қазақстанда қалың оқырман қауымға жыл кітабы болып ұсынылды. «Жусан иісі» атты повесінде 1942 жылдың оқиғалары, соғыс зардабы бақытсыздыққа ұшыратқанына қарамай, дарынды Аян атты бала, балаларға арнап ертегілерді ойдан шығару туралы жазылған. «Басында Үшқараның» атты әңгімеде кейіпкер Әсеттің он сегіз жасар Шынар деген қызға нәзік сезімдері туралы айтылған.
Жазушының бірқатар шығармалары КСРО халықтарының және шет елдердің тілдеріне аударылған. 1977 жылы автордың сценариі бойынша «Тел өскен ұл» атты көркем фильм түсірілді.
С.Мұратбеков Ә.Әлімжановтың шығармаларын: «Жаушы» романын және «Көгілдір таулар», «Отырардан жеткен сый» повестерін; Г.Толмачевтің «Елбасы» және «Д.А.Қонаевпен кездескен 50 сәт»; Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақ тіліне аударды.
КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1981). ХІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1984-1989). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1997). М.Әуезов атындағы сыйлықтың (1990), «Тарлан» сыйлығының (2004) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (2006) иегері атанды.
ІІ. «Бір ел-бір кітап» акциясының тарихы туралы /Слайдпен көрсетіледі/ актив мүшесі Шапқат Айгерім/
ІІІ. «Шығарма өзегі-өмір» С.Мұратбековтың «Жусан исі», «Басында Үшқараның»әңгімелерін талқылау
Кітапханшы:
Құрметті оқырмандар біз жазушының әңгімелерін оқудамыз, сыныптар арасында дауыстап оқыдық, жеке оқыдыңыздар. Әңгіме желісі бойынша шығармаларды талдауға байланысты сұрақтар қойғым келіп тұр .
/Сұрақ қою арқылы пікір алмасады/
1.Шығарма неліктен «Жусан исі» деп аталған?
2. Шығарманың көтерген басты проблемасы не туралы?
3. Аянның ауылға көшіп келуі және ауыл балаларымен ара-қатынасы қалай болды?
4.Аяннның әжесінің өлімін қалай қабылдады?
5.Аянның ертегілерінің мазмұны қандай?
6. Өрт және Аянның Тұржанның соққыға жығуы /Еламан /
7.Жетімдіктің азабын тартқан Аян / Анна/
8. Майданнан келген қаралы қағаз / Назерке/
9.Аянның ауылдан кетуі /Аяжан/
ІІІ. «Үшқараның басында» әңгімесін талқылау
Шығарманың қысқаша мазмұны /Актив мүшелері/
1.Шығарманың басты кейіпкерлері кімдер?
2.Басты кейіпкер Әсет қандай адам?
3.Әсет неліктен 9жылға жуық ауылға ат ізін салмады?
4.Сағынышты жүздесу /Асылгүл Жамбылқызы/
5.Тойдағы кездесу /Мерует/
6.Әсеттің шешімі /Рағила/
Кітапханашы : Сайын Мұратбековтың шығармаларында қарапайым халықтың мақсат-мұраттарына жету жайлы әңгімелейді.Оның шығармаларының басты кейіпкерлері – ауыл зиялылары, қойшылар, оқушылар.
Жазушының шығармаларын талқылай отырып,сіздердің шығармаларды оқи отырып кейіпккерлермен бірге қуанып, бірге мұңайғандарыңызды көреміз.Оқыған шығармаларыңызды отбасы мүшелеріне әңгімелеп беріңіздер және оқуға кеңес беріңіздер. Баршаңызды Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» мен «Басында Үшқараның» шығармаларын жаппай оқуға шақырамыз! Акция аясында мектебімізде жыл бойы әр-түрлі шаралар өткізіледі.Баршаңызды жазушының шығармаларын оқып,шараларға қатысуға шақырамыз!
/ «Сайын даланың Сайыны»кітап көрмесіне шолу/
Өмір өзгеріп, дүние төңкеріліп жатса да құндылығын жоғалтпаған Киелі кітап әлемінде бірге сапар шегейік!