ӘБУ-Л-ФАТХ ОМАР ИБН ИБРАХИМ ӘЛ-ХАЙЯМ


ӘБУ-Л-ФАТХ ОМАР ИБН ИБРАХИМ ӘЛ-ХАЙЯМ
(шамамен 1048ж. Хорасанның Нишапур қаласы, қазіргі – Иран аумағы, сонда қайтыс болған)

— парсы математигі, астрономы, ақын, философы.
Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Шығармалары:

«Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап.
Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға «теңдеу шешетін ғылым» деген анықтама берген, бұл анықтама XIX-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш — С е өзі ашқан конустық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімүшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Еуклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған.

Философиялық афоризмдері:

 Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін.
***
 Қолыңда жоққа қам жеме, Барыңнан босан, бауырым.
***
 Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі – не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі – кім болса, сонымен дос болмай, айналасындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
***
 Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
***
 Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *