ӘБУ АБДОЛЛА (немесе ӘБУ ЖАФАР) МҰХАММЕД ИБН МҰСА ИБН ӘЛ-ХОРЕЗМИ
(шамамен 783ж. – шамамен 850ж. Хорезм (Өзбекстан))
— ортағасырлық Ұлы ғалым – математик (алгебралық тәсіл «әл-джебрді» ойлап тапты), астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы.
Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті (қазіргі – Өзбекстан аумағы), ал ғалымның тағы бір лақап аты — әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз-жәдігөйлер (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.
Әл-Мамүн (813-833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842-847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.
Шығармалары:
Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және С еллек теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан «алгебра» атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.
Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей тоғыз ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады:
1. Үндістан арифметикасы туралы кітап — Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған;
2. Алгебра (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша кітап — Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған;
3. Астрономиялық таблицалар (зидж) – Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ;
4. Жер шары бейнесінің кітабы – Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған; анықтап, картаға түсіруге бағытталған;
5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;
6. Күн сағаттары туралы кітап;
7. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат;
8. Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды.
Әл-Хорезми нұсқауы арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Автордың есімі латындалған түрінде Algorismus және Algorithmus ортағасырлық Еуропада бүкіл ондық арифметика жүйесін білдіретін болды.