ӘБУ ЮСУФ ЯКУБ ИБН ЫСҚАҚ ИБН САББАХ ӘЛ-КИНДИ

ӘБУ ЮСУФ ЯКУБ ИБН ЫСҚАҚ ИБН САББАХ ӘЛ-КИНДИ
(шамамен 801ж, Басра, Ирак – 873ж, Бағдат, Ирак)

— Басрадан шыққан атақты арабтың математигі, философ, ғалым және астролог, Бағдаттағы «Ақылдылар үйінде» қызмет еткен. Әл-Мутаваккил халифтің билігі тұсында (847 жылдан) қуғында болған. Әл-Кинди метафизика, логика, этика, математика, астрология, медицина, метеорология, оптика, музыка салалары бойынша 250-ге тарта трактаттардың-еңбектердің авторы. Шығыс перипатетигі өзінің түпнегіз (прасубстанция) туралы ілімінде мына категорияларды қарастырды: форма, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт. Ол дүниені ақылмен тануға болатынын, ақиқатты білімге жетудің ғылыми танымдық үш сатысын көрсетті: логикалық-математикалық, жаратылыстану-ғылымилық және метафизикалық (философиялық).
Әл-Киндидің философия және жаратылыстану ғылымдары саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айтқанда, оның септілік байланысы, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды.

Философиялық көзқарастары:

Әл-Киндидің пайымдауынша, танымның бірінші сатысына логика мен математика, екінші сатысына жаратылыстану ғылымдары, үшінші сатысына философияны жатқызады. Демек, философияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтіндігін көре біліп, дұрыс айтқан.
Шығыс перипатетизімінің тарихында ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен концепция үлкен рөл атқарды. Оларды мәңгі әрекетшіл «белсенді ақыл-ой», «бейжай, енжар ақыл-ой», «жол-жөнекей қосылған ақыл-ой», «жарияшыл ақыл-ой» деп сұрыптайды. Ал Аристотельдің он категориясының орнына әл-Кинди бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар: материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Өзінің ғылыми ізденістерін әл-Кинди астрологиямен – болашақты болжау ісімен ұштастыруға ұмтылған. Оның бұл әрекеті – ислам дініне келісе бермейтін кейбір пайымдаулары исламның кейбір жақтаушыларына ұнамай, олар әл-Киндидің біраз кітаптарын өртеп жіберді. Сондықтан да оның көптеген шығармалары бізге жетпеді. Әсіресе, оларды қатты ашуландырып, өшіктірген нәрсе әл-Киндидің Құранға сенімсіздікпен қараған кейбір ойлары болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *