ӘБУ РАЙХАН БИРУНИ


ӘБУ РАЙХАН БИРУН
(4 қыркүйек 973ж, Кят қаласы, Хорезм (Өзбекстан) – 9 желтоқсан 1048ж.)

— Хорезмнен шыққан ұлы ғалым, тарих, география, филология, астрономия, математика, геодезия, минерология, фармакология және т.б. да салалардағы көптеген еңбектердің авторы.
Бируни өз заманында барлық ғылым салаларынан қанық болған. Оның туған жері Орта Азия (қазіргі – Өзбекстан Республикасының аумағы).

Философиялық шығармалары:

«Ертедегі ғылымдар хронологиясы», «Үндістанның жазба бейнесі» деген т.б. ірі еңбектердің авторы.

Философиялық көзқарастары:

Ол табиғаттың объективті өмір сүретінін, оның даму заңдылықтары екенін мойындады. Дүние ұдайы қозғалып, дамып отырады, оның барлық өзгерістері материяға байланысты, деді ол. Жан тәннің жемісі деген пікір айтты. Материя өзін-өзі тудырады деген ұғымға жүгінді.
Көзқарасы жағынан идеалист болғанымен әл-Бируни ғылымдарды салалап дамытуда өзінің материалист екенін айқын байқатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *