УИЛЬЯМ ОККАМ

УИЛЬЯМ ОККАМ
(шамамен 1285ж, Оккам, Суррей графтығы, Оңтүстік Англия – 1349ж, Мюнхен)

— ағылшынның ортағасырлық философы, номиналистік бағыттың көрнекті өкілі,
Оккамдық францискандық монах, номинализмді жақтаушылардың бірі, томизмді (Фома Аквинскийді) номиналистік тұрғыда сынға алды, яғни адам ерігін парасаттан жоғары қойды.

Философиялық көзқарастары:

Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке-дара өмір сүре алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибие арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибиеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түйсініп, интуитивті нақты білім алса, сыртқы тәжірибиеде трансценденталилер туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды.
Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек.
Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарда геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *