МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН

МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН
(3 қаңтар б.д.д.106ж., Арпинум – 7 желтоқсан б.д.д.43ж., Формия)

— көнеримдік саясаткер әрі философ, тамаша шешен-оратор.
Цицеронның ата-анасы байқуатты адамдар болды. Ол он бес жасында Римге оқуға аттанады. Қалың жұрттың алдында алғаш рет б.д.д. 81-80 жылдары сөз сөйлеп, елді тәнті етті. Оның бұл монологы сол кездің билеушісі Сулланың қатігездіне қатысты болды. Ал б.д.д. 70 жылы сулландық алаяқ Верреске қарсы сот процесінде сөз сөйлеп, жеңіске жетті. Саяси сахнаға шамамен б.д.д. 66 жылдары шықты. Б.д.д. 63 жылы Римнің бірінші сенаторы мен консул қызметін атқарды.
Бірінші труимвират орын алғаннан кейін Цицеронның рөлі қоғам арасында сәл төмендеді. Тіпті б.д.д. 58-57 жылдары қуғын сүргін де көрген еді. Цезар мен Помпей арасындаға азаматтық соғыста екі тарапты татуластырғысы келіп, барынша тырысса да, ол әрекетінен ештеңе шықпады. Ақыры екі жақ бір-бірін қырып-жойып, түбі Цезарь жеңіске жетті. Бұдан кейін Цицерон саяси алаңнан алыстап, өзімен-өзі өмір сүруге талпынды. Алайда б.д.д. 44 жылы Цезарь өлтірілгеннен кейін, республикандықтардың көсемі, сенат басшысы болып қайта оралды.
Алайда тыныш өмір баста ұзақ тұрақтамады. Б.д.д. 43 жылы екінші труимвират басталды. Бұл қырғын көтерілісті бастаған – М.Антоний, Октавиан Август, Лепид деген кісілер еді. Ақыры осы алапаттың нәтижесінде дарынды оратор репрессияға ұшырап, алғашқылардың бірі болып өлтірілді. Бұл б.д.д. 43 жылдың 7 ақпаны еді (қазіргі Гаэта қаласының маңы).

Философиялық шығармалары:

Марк Туллийдің артынан түрлі үзінділерді есептемегенде, 58 саяси монологы, риторикадан, саясаттан, практикалық философиядан, теориялық философиядан жалпы саны 19 трактаты қалды («Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Тускуландық сұхбаттар», «Міндет пен парыз туралы», «Жамандық пен жақсылықтық шегі туралы», «Құдай туралы»). Сонымен қатар 800-ден аса хаттары мен қанатты сөздері сақталған.

Философиялық афоризмдері:

 Адам неғұрлым адал болса, соғұрлым басқаларды арамдыққа аз қияды.
***
 Даналыққа үйреніп қою жеткіліксіз, оны пайдалана білу керек.
***
 Надандық дегеніміз – ақылдың түні: айсыз және жұлдызсыз түн.
***
 Бір нәрсені үйренгісі келген адамдарға оларды үйретіп жүргендердің беделі жиі бөгет жасайды.
***
 Қағаз қызармайды.
***
 Дана адамдардың ісіне – ақыл, ортан қол кісілердің ісіне –тәжірибие, надандардікіне – қажеттілік, жануарлардікіне – табиғат түрткі болады.
***
 Ақылды адамға қателесу, ал ақымаққа – өз қателігін дұрыс деп дес бермеу тән.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *