ЛУЦИЙ АННЕЙ СЕНЕКА

ЛУЦИЙ АННЕЙ СЕНЕКА
(б.д.д.5ж., Кордуба – б.д.65ж., Рим)

— атақты римдік стоик-философ, император Неронды тәрбиелеген, сол заманда мемлекет тіршілігіне ықпалы өте күшті болған ақын әрі қоғам қайраткері.
Нерон жағымсыз саясат жүргізе берген соң, Сенека саясаттан бас тартып өз-өзіне қол жұмсаған.

Философиялық шығармалары:

«Утешение к Марции», «О гневе», «Утешение к Гельвии», «Утешение к Полибию», «О кратковременности жизни», «О досуге», «Жанның тыныштығы туралы» немесе «Жанның жайлылығы туралы», «О провидении», «О стойкости мудреца», «Бақытты өмір жайлы» және т.б.

Философиялық, саяси-әлеуметтік көзқарастары:

Өз шығармаларында Сенека:
 қайырымдылық идеяларын дәріптеді;
 Қоғамдық өмірге араласпауға, өзіңмен өзің болуға, өзіңнің рухани дүниеңмен шектелуге шақырды;
 тыныштық пен бейғамдықты қалады;
 адам мен адамзаттың қабілеттігіне, мүмкіндігіне шәк келтірмеді, мәдени және өркениеттік прогрестің болашағын болжады;
 мемлекетті басқару жүйесінде, қоғамдық өмірде философтар мен даналардың рөлін көрсетіп, қарабайыр, сауатсыз жұртты, «тобырды» менсінбеді;
 ең жоғары игілік деп әдептілік мұрат пен адам бақытын санады; философияны теориялық, абстракциялық жүйе жағынан емес, практикалық, мемлекетті басқару, қоғами үрдістерді реттеу, адамдардың бақытқа жету жолдарын зерттеу жағынан бағалады.

Философиялық афоризмдері:

 Уақыттан басқаның бәрі бөтендікі, біздікі емес.
***
 Рухы әлсіз адамның қолынан бай болу келмейді.
***
 Зор дүние – зор құлдық.
***
 Кедей деген дүние-мүлкі аз адам емес, соны қалай көбейтсем екен деп жанталасып жүргендер.
***
 Байға қарағанда кедей көбірек күледі және атақсыздау келеді.
***
 Маған белгілі мағынада құл емес адамды көрсетші.
***
 Кеме қай портқа баратынын білмесе, желі оңынан тумайды.
***
 Нашар өнім алғаннан кейін де себу керек.
***
 Жек көрушіліктен қатты қорқатын адам басқара да алмайды.
***
 Егер әрі қарай өсу болмаса, батар күн де алыс емес.
***
 Ұлы істерге талаптанып, жолы болмағандардың өзін құрметтей біл.
***
 Екі жүздіге көрсетілген сенім оған опасыздық етуге мүмкіндік береді.
***
 Ұсақ қателіктерден ірі кемшіліктерге өту қиын емес.
***
 Есте ізгі істерге қарағанда, реніш ұзақ сақталады. Ізгілік тез ұмтылады, ал реніш, өкпе есте тайға таңба басқандай тұрып алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *