ИБН ӘСИРДІҢ «ӘН-НИҺАЯТУ ФИ ӘЛ-ҒАРИБ
ӘЛ-ХАДИС УӘЛ-ӘСӘР» ЕҢБЕГІ

Қанат БЕКЖАНОВ,
Нұр-Мүбарак университетінің магистранты

ИБН ӘСИРДІҢ «ӘН-НИҺАЯТУ ФИ ӘЛ-ҒАРИБ
ӘЛ-ХАДИС УӘЛ-ӘСӘР» ЕҢБЕГІ

Барлық сансыз мақтау әлемдердің Раббысы, көктермен жерді безендіріп, ондағы жаратылыстарды жүйге Келтіруші, жер бетіндегі барлық жаратылысқа адамды басшы етіп, оған түрлі білім көздерін үйреткен Аллаһқа арналсын. Жер бетіне рақым етіп жіберілген, күллі адамзатты Аллаһтың ақиқат жолына шақырған, пайғамбарлардың мырзасы, қиямет күні шапағат құқығына ие болатын Аллаһтың елшісі Мұхаммедке, соңынан ерген ізгі сахабаларына және игі отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі жаусын.
Ғариб сөзінің тілдік мағынасы: Өз жерінен алыстау, бөтен деген мағыналарға саяды. Ал терминдік мағынасы: Сөздің мағынасы ашық болмау дегенді білдіреді.
Ғалымдар ғариб сөзін оқып, зерттей келе көңіл бөліп, ғариб сөзінің екі түрінің арасын ашқан. Біріншісі: Сөздің ұғымы жасырын, түсініксіз болу. Сөйтіп оны мағынасын білуде кең ауқымдағы тіл кітаптарындағы оның мағынасын іздеуді қажет етеді. Екіншісі: Сөздің мағынасынан бөтен балама шығуы.
Әс-Суюути ғариб сөзіне мағына беріп: «Мағынасы түсініксіздік, ғариб сөздер, кереметтер мен жұмбақтар бір-біріне жақын сөздер, бұның бәрі сөздің ашық мағынасын бермейтін астарлы сөздер»,-деген
Ғариб хадис ілімі хадис мәтіндеріндегі кездесетін ұғымы қиын сөздердің мағынасын ашып беріп, түсіндіруді зерттейді. Сондықтан да хадис әрбір ақыл иелерінің, әрбір білім иелерінің арасында хадис және әсәр (сахабалар мен табиғин және тәбиғ табиғиндердің сөздері) ғылыми ислами ғылымдардың құрметтілік жағынан ең ардақтысы, сөз жағынан ең көркемі, пайдасы тұрғысынан ең кемелі және сауатылығы тұрғысынан ең үлкені екендігіне ешкімнің күмәні де, таласы да жоқ. Расында, хадис ілімі исламда белгілі бір орны бар біліктердің, соған қосылған түйіндердің, ұстанылуы міндет етілетін парыздардың және үкімдер мен шешімдер анықталатын дін құқықтарының бірі болып табылуында шүбә жоқ.
Хадис — анық мән берілу мен айқын ұстаным жағдайына қоса екі бөлімге бөлінеді: Біріншісі, хадис сөздерінің мәні, екіншісі, оның мағыналарының мәні. Хадис сөздерінің мәні өз дәрежесінде қасиетті саналады, себебі хадис сөздерінің мәні айтылған сөздегі негіз және сол арқылы мағына түсінікті болады. Сондықтан егер хадис мағыналарының нәтижесі белгілі болса, онда екі бастан оның айтылуына көңіл бөлу.
Кейін сөздер: жекеше және тіркес сөз болып екіге бөлінеді және жекеше сөздің мәні тіркес сөздің мәнінен алда тұрады, өйткені тіркес жекешеліктің бір тармағы.
Ал жекеше сөздер екіге бөлінеді: Біріншісі — жалқы, екіншісі — жалпы.
Ал жалпы сөз түсінігінде араб тілі мамандарының бәрінің арасында өрбитін сөзде ортақтасатын нәрсе — мәнінде бірдей сөзді қабылдап, оны өз араларында бір-біріне айтып, жеткізген және түсінігі қажет болғандықтан аз болса да қабылдап, оны үйренген.
Ал енді жалқы сөз — құрамында тілдік сөздер және айтқан адам ғана білетін түсініксіз бейтаныс сөздер. Сөйтіп ол сөздерді сақтап, оны бейтаныс тұстарын ашқан. Сөйтіп сөздердің жалқы түрінің мағынасына мән берілу айтылуда, айқындықта өте қажет болғандықтан басқасына қарағанда, маңыздырақ, айтуға лайықтырақ, дәрежесі басқаға қарағанда алда тұратын болды.
Кейін жалқы сөзінің түсінігі затын және сипат білу болып екіге бөлінеді: Бірінші затын білу — сөздің үлгісі мен құрылымын түсінуді және әріп әріпке немесе құрылым құрылымға кірмес үшін әріптер мен оның нақтылығын жазуды білдіреді. Ал сипатын білу — істеуші іс түсушімен немесе хабар бұйрықпен немесе хадис түсінігі құралған мағыналардан басқа нәрсе араласып кетпес үшін сөздің харекеттері мен талдауын білдіреді.
Осы зерттеуді іздену барысында Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) араб тілінің ең бір шешені, сөзді анық айтатыны, тәтті тілдісі, нақты сөйлейтіні, диалекті сөзін білушісі, дәлелділік жағынан қуаттысы, әртүрлі аймақтардағы сөзді білушісі, тура жолға бастаушысы, тәңірлік қолдау, көктен мейірім, Раббылық қорғау, рухани қамқор тапқандығына көз жеткіздім. Әли ибн Әбу Тәлиб (Аллаһ оған разы болсын) оның Нәһд тайпасынан келген адамдармен сөйлескенін естіп: Уа, Аллаһты елшісі! Біз бір әкеден тарасақ та араб тайпаларынан келген адамдармен көбісін біз түсінбейтін сөзбен сөйлесетініңді көріп тұрмыз!-дегенде ол: «Мен Раббым тәрбиелеп, тәрбиемді көркем етті және Сағд тайпасында өсіп-жетілдім»,- деп жауап берген. Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілі мен сәлемі болсын) әртүрлі араб тайпаларымен олардың өздері түсінетін диалект бойынша сөйлескен. Аллаһ тағала оны бейне бір өзінен басқа бір атадан тараған бауырларының білмейтінін үйретіп, оның бойына алысты-жақынды арабтардың арасында жоқ сан-алуан білімдерді жинағандай. Ал оның жанында жүрген саңлақ сахабалары (Аллаһ оларға разы болсын) және арабтардан өзіне келгендер оның не айтқанын білетін, ал егер оны айтқанынан бір нәрсені түсінбеген болса, оны сұрап білітін. Сондықтан да ғариб хадистар ғылымы Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған игілігі сәлемі болсын) хадистерінде келетін ұғымы қиын, қазіргі кездегі тілде қолданыстан қалған көнерген сөздердің мағынасын ашық айқындап көрсетеді.
Осы ауқымды кітап «ән-Ниһаяту фи әл-ғариб әл-хадис уәл-әсәр» кітабы ғариб хадис ғылымында алғашқы кітап емес. Бұл кітаптың қаламгері ибн Әсир өзінен бұрынғы осы салада еңбек жазған төрт ғалымның кітабына сүйене отырып жазған, сонымен қатар ол сол кітаптарда қалып қойған кейбір сөздерді толықтырып, кең ауқымда хадис жинағының алты кітабындағы түсінігі қиын сөздерді қамтыған. Ол кітаптар: Бұхари мен Муслимнің «Жамиғ ас-сахихы», Тиремзидің «Сунәні», Нәсиидің «Сунәні, Әбу Дәуіттің «Сунәні, Ибн Мужәнің «Сунәні».
Ғариб хадис ғылымында ең алғаш болып кітап жазған Әбу Убәйда Мағмар бин әл-Мусәннә әт-Тәмими делінеді. Ол ғариб хадис пен әсәр сөздерін топтастырып, санаулы парақтардан ғана тұратын шағын кітапша жазған. Әйтсе де, оның аздығы қаламгердің ғариб хадис жөніндегі білімінің таяздығынан емес, керісінше, екі нәрсеге байланысты болған: біріншісі, әрбір қандайда бір нәрсені бастаушы, өзінен бұрын болмаған нәрсені алғаш ойлап табушының жасаған еңбегі шағын болады, кейін уақыт өте келе ұлғая түседі. Екіншісі — сол кезде адамдар ол жөнінде аздап білімдері болған. Кейін осы салада Әбу әл-Хасан ән-Надр бин Шумәйл әл-Мәзини, одан кейін Әбу Убәйданың кітабынан үлкенірек етіп ғариб хадис жөнінде кітап жазды. Ол осы кітабында сөздерді мағынасын кеңінен ашып, жеңіл әрі қысқа көлемде жайып көрсеткен. Кейін Абдулмәлик ибн Қурайб әл-Асмағи Әбу Убайдамен бір заманда өмір сүрсе де одан кейін осы ғылымда кітап жазып, көркем етіп, тың хабарлар келтірді. Сол сияқты Қатруб атымен танымал болған Мухаммад бин әл-Мустанир және басқа да тіл, фиқһ ғалымдары хадистерді жинақтап, хадистердің тілдік мағынасы жөнінде сөйлеген. Осы жағдай Әбу Убәйд әл-Қасим ибн Сулләмның заманына дейін екі жүз жыл жалғасты. Сөйтіп ол танымал, мағыналары жеңіл, пайдасы мол «Ғариб әл-хадис уәль әсәр» кітабын жазды. Сөйтіп бұл кітап осы салада үлгі-өнегеге айналды, себебі ол бұл кітапты жазуда бүкіл өмірін жұмсап, көркемдеп түсірді. Тіптен, ол бірде: «Мен бұл кітабымды қырық жыл жаздым, ал ол өмірімнің соңғы кезеңі болатын»,-деген. Осылайша адамдар оның кітабындағы мағынасы түсіндірілген хадистер мен әсәрға сүйеніп, одан пайда алуы Әбу Мухаммад Абдуллаһ ибн Муслим ибн Қутайбә әд-Динауаридың уақытына дейін созылды. Ол өзінің «Ғариб әл-хадис уәл-әсәр» атты белгілі еңбегін жазып, ол Әбу Убайдты жолын үлгі етіп, солай топтастырып, Әбу Убайдты кітабындағы хадистерге қосымша түсініктеме мен толықтыру немесе қабылдауды қажет ететін нәрселерді қоюы арқылы Әбу Убайдтың кітабы секілді не оданда үлкен кітапқа айналды. Ол кітабының кіріспесінде: «Мен Әбу Убайдтың кітабында ғариб хадистің кең түсіндірмесі топтасқанын көрдім. Көрген адам одан басқаны қажет етпейді. Сосын оны қарап, сын көзбен зерделеп, қайта қарау арқылы зерттей келей айтылған нәрсені таптым, сөйтіп ұмыт қалдырғанын зерттеп, өзі түсіндіргендей түсіндірдім. Осы екі кітаптан кейін біреудің кітабында ғариб хадиске байланысты сөз қалмайды деп үміттенемін»,-деген. Оның өмір сүрген кезеңінде имам Ибраһим ибн Исхақ әл-Харби да болды, ол бірнеше томнан тұратын «Ғариб хадис» атты үлкен танымал кітабын жазып шықты. Ол кітабында хадистерді жинап, сөзін жеңілдетіп, түсіндірді, хадистердің тізбек жолдарын терең зерттеп, хадис мәтіндері мен сөздерін толықтыра айтты және тек хадистегі хариб сөзі бар хадистерді ғана алып, сонымен кітабын толтырып, көптеген пайдаларды жинақтады.
Кейін осы аталғандардан өзге де адамдар осы салада көптеген жинақ кітаптарын жазды. Олардың кейбірі: Шамир ибн Хамдауайһ, Сағләб атымен танымал Әбу әл-Аббас Ахмад ибн Яхия әл-Луғауи, Мубаррад есімімен белгілі Әбу әл-Аббас Мухаммад ибн Язид әт-Тумали, Әбу Бәкір Мухаммад ибн әл-Қасим әл-Әнбәри, Ахмад ибн әл-Хасан әл-Кинди, Сағләбты жолдасы Әбу Омар Мухаммад ибн Абдулуахид әз-Зәһид және осылардан өзге тіл, фиқһ және хади ғалымдары да бар.
Кітап жазу жағдайы имам Әбу Сүлеймен Ахмад ибн Мухаммад ибн Ахмад әл-Хаттаби әл-Бустиды заманына дейін ұласты. Ол «Ғараиб әл-хадис» атты танымал еңбегін жазып, кітабында Әбу Убайд пен ибн Қутайбаның жолын ұстанып, екеуінің соңынан ерді.
Сөйтіп имам Әбу Мансур әл-Азһари әл-Луғауидың жолдасы Әбу Убайд Ахмад ибн Мухаммад әл-Һаруи Құран Кәрім мен хадистің ғариб сөздерін топтастырудағы танымал кітабын жазып шықты. Оны бұл кітапты жазудағы мақсаты хадис әсәр және оның тізбек (иснәд) жолдары мен жеткізушілерінің есімдерін білу емес, ұғымы қиын, беймәлім ғариб сөздерді тіл, талдама және мағына жағынан білу болғандықтан тілдік ғариб, қиын сөздерді әр жерден шығарып алып, оларды әріптер бойынша белгіліп, мағыналарын ашып көрсеткен. Сондықтан да бұл ғылым хадис ғалымдарының арасында өз алдына жеке ғылым болып табылады.
Кейін ол кітабында Әбу Убайд пен Ибн Қутайбаның кітабындағы және ғариб хадис жөнінде жазылған өзінен бұрынғы келген ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, өзінен бұрынғы жазылған кітаптардың бірінде де келтірілмеген сөздерді қосты. Осылайша адамдар оның жолына еріп, оның кітабын оқып, жасаған еңбегіне рақмет айтып, ғариб хадис пен әсәрден кірмей қалып қойған сөздердің орнын толықтырып отырды. Күндер зулап, уақыт өте келе өз заманында имам Әбу әл-Қасим Махмуд ибн Омар әз-Зәмәхшәри әл-Хорезми де ғариб хадис жөнінде «әл-Фәиқ» атты танымал кітабын жазды. Ол да оз еңбегінде ғариб хадистің түсініксіз, мағынасы жасырын жерлерін ашып берді.
Одан кейін әл-Хафиз Әбу Муса Мухаммад ибн Әбу Бәір ибн Әбу Иса әл-Мәдини әл-Асфаһани өз кезеңінде әл-Һаруидың Құран мен хадистің ғариб сөздерінен қалдырып кеткендерін жинап, дәрежесі мен пайдасына сай, көлемі де ұқсас кітап жазып, әл-Һаруидің ғариб сөзді қою тәсілін ұстанып, соның жолымен жүрді және сол секілді кітабын жүйелеп: «Біліңіз, менің кітабымнан кейін маған жетпеген, оған кеңінен тоқталмаған нәрселер қалып қояды, себебі араб сөздерінің мағынасы шексіз»,-деген. Расында да, ол жалған айтпаған, араб сөзінің мағынасының кеңдігі және Аллаһ сөзі мен оны елшісінің сөздеріндегі кейбір сөздердің ұғымы терең, сондықтан да бұл ғылым маңыздылығы жоғары ғылым болып саналады. Қиямет күніне дейін хадис, фиқһ, тіл және басқа да саладағы ғалымдар Құран мен хадистің ұғымы көмес, қиын сөздердің мағынасын ашуда көптеген еңбектерін жаза да берері анық.
Сөйтіп ибн Әсирдің заманы хижра жыл санағы бойынша, бесінші ғасырда да Әбу Муса әл-Имам әбу әл-Фараж Абдурахман ибн Али ибн әл-Жәузи әл-Бағдади да ғариб хадис жөнінде өз еңбегін жазды. Ол әртүрлі ғылым түрлерінде білімі ерекше болатын және насихат, уағыз айтуда да білімі басым болған. Әл-Жәузи ғариб хадистің өзіне ғана кітап жазып, кітабында әл-Һаруидың жолын ұстанып, ғариб Құранның дәлелі бойынша жүрген және кітабының кіріспесінде Құран мен хадистің ғарибін айтқаннан кейін: «Ғариб хадис жөнінде жазатын ешнәрсе жоқ деп ойлағанмын, бірақ бұрынғы жазған ғалымдар қалдырып кеткені бар болып, Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сахабаларының және одан кейінгі келген табиғиндердің хариб хадисін жинауда көп күш жұмсайтынымды көрдім. Осы жазған еңбегімде үлкен қателік болмауын, бұл кітабым осы ғылымда жазылған барлық кітаптардан кең әрі ауқымды болуын үміттенем», — деген.
Ибн Әсир өзінің «ән-Ниһаяту фи әл-ғариб әл-хадис уәл әсәр» кітабының кіріспесінде оның кітабы жөнінде: «Мен оның кітабын мұқият оқып, әл-Һаруидың кітабының қысқартылғаны екеніне, бөлімдері де бірдей, жолдары да бірдей және ешбір артықшылығы жоқтығына көзім жетті. Сөйтіп мен оның кітабындағы әл-Һаруидың кітабынан алып қосқан нәрсесінің арасын салыстырып көргенімде, көптеген бөлімдердегі аз ғана бөлімінде артықшылығын көрдім»,-деп пікір білдірген. Сөйтіп ол осы ғылымда жазылған басқа да еңбектердің қаламгерлері жөнінде сипаттама бере келіп: «Ал енді Әбу Муса әл-Асфаһани болса, кітабында әл-Һаруидың айтқанын айтпаған, тек айтуды қажет ететін не сөздердегі кемшілік немесе түсіндірмедегі артықшылық немесе мағынасындағы басқаша түрін ғана айтқан. Сонымен қатар оның кітабы әл-Һаруиды кітабына ұқсайды, өйткені ол кітабында әл-Һаруиды жазбаған нәрсесін толықтырған»,-деген.
Ибн Әсир: «әл-Һаруиды кітабын толықтырушы етіп жасаған Әбу Мусаның кітабын оқығанымда ол кітап жақсы әрі толық екендігіне көзім жетті. Егер адам ғариб сөздің мағынасын білгісі келсе, оны осы екі кітаптың бірінде қарауы қажет етіледі, ал егер оны сол кітаптан тапса, оны екінші кітаптанда қарауы керек, ол екі кітап бірнеше томнан тұратын үлкен кітап»,-деп олардың өте маңыздылығын көрсеткен.
Ибн Әсирдің кітабы жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінен кейін және ол сол кітаптардың төртеуін пайдалана отырып жазған. Сондықтан оның кітабы жоғарыдағы кітаптарға қарағанда, жаңа және үлкенірек бес томнан тұратын кітапта тың сөздер және ауқымдырық болғандықтан өте кұнды еңбек болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *