Жас маман

Жас маманға сынып журналының жүргізілуіне нұсқау

1. Сынып журналы қара сиямен толтырылады.
2. Журналда түзету енгізілмейді.
3. Пән мұғалімі сынып журналын бекітілген күнтізбе негізінде толтырады
4. Мұғалім оқушылардың білімдерін ұдайы тексеріп, білімін бағалауға, сондайақ қатысуын белгілеп отыруға міндетті. Журналдың ашылған бетінің сол жағында мұғалім сабақтың болған күнін жазуға, сабаққа қатыспағандарды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті.
5. Мұғалім журналдың ашылған бетінің оң жағына өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазуға міндетті.
6. Біріктірілген сабақтар өткізгенде әр сабақтың күні мен тақырыбы жазылуы тиіс.
7. Жазбаша жұмыстар бойынша бағалар сол жұмыстар өткен күні көрсетілген бағанға жазылады.
8. Жазба жұмыстарының нақты тақырыбы көрсетіліп жазылады.
9. «Үй тапсырмасы» бағанында тапсырманың мазмұны және оны орындау сипаты (оқу, жатқа айту, т.б.), беттері, тапсырма және жаттығу нөмірі жазылады.
10. Журнал толтырарда бірінші бағаннан келесі бағанға шығып кету қатаң ескертіледі.


Жас маманды мұғалімдердің лауазымдық міндетімен таныстыру


1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының жарғыларымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызмет нұсқаулықтарымен айқындалады.
2. Педагогтік қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлері болып есептеледі.
3. Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің:
1. Педагогтік қызметті ұйымдастыру.
2. Оқу орнының жұмыстарына қатысу.
3. ҚР заңдарын оқып,үйрену.
4. Бес жылда бір рет өздерінің біліктілігін арттыру.
5. Әкімшілік бұйрықтарын орындау.
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік және дағды алуын қамтамасыз етуге тиісті.
7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілетерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуі тиіс.
8. Өз біліктілігін арттыру.
9. Педагогтік әдет нормаларын сақтау.
10. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қадір-қасиетін құрметтеуге, салауатты өмір салтын жүргізіп, оны білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттауға міндетті.
11. Олимпиадаға оқушы дайындау.
12. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.
13. Дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.
14. Оқушылардың дәптерлерін уақытылы тексеру.
15. Сабақ беретін сыныптардың журналдарын күнделікті толтырып отыру.
16. Мектепішілік, қалалық іс-шараларға оқушыларды тарту.
17. Ақпараттармен уақытылы танысып, сабақтарда қолдану.
18. Жаңа технолгоияны меңгеру.
19. Педагогикалық кеңестерде баяндама оқу.

 

Мұғалімнің педагогикалық техникасы:

— өз ойын көркем жеткізе білуі;
— ашық және түсінікті сөйлеу
— оз ойын толық және ұғынықты түсіндіру,
— сауатты жазу;
— оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу;
— оқушыны құрметтеу, оны жеке тұлға деп тану;
— ұлтық мәдениет, әдет-ғұрыптың сақталуы;
— мұғалімнің киім киісі, жүріс-тұрысы;
— салт-дәстүрді сақтауы;
— мінез ерекшелігі, психология, педагогика ілімін меңгере білуі.

 

 

 

 

 

 

 

Тоқсан сайын әдіс бірлестік жетекшісіне өткізуге тиісті құжат (білім сапасы)
№17 ЖОББМ
Қазақ тілі пәні бойынша І тоқсан қорытындысы
Пән мұғалімі: Жас маман- Жуман Парида
2014-2015 оқу жылы

Сыныбы Оқушылар саны

Пәні Оқу үлгерімі Көрсеткіштер
«5» «4» «3» «2» Үлгерім
% Сапа
%

Оқу жылдамдығы

№ Аты-жөні 2 «ә»-сынып
2014-2015 оқу жылы
І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІҮ тоқсан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18

 

 

Нормадан жоғары
Нормамен
Нормадан төмен

 


Дарынды оқушылармен жұмыс
1. Дарынды баланы анықтау.
2. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу.
3. Сабақты жаңа технологиямен өту.
4. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру.
5. Ата-анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.
6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.
7. Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де біліп отыру.
8. Тапсырманың орындалу дәрежесін қадағалау.

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (0/1) диктанттарға қойылады.
«4» деген баға емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5) диктанттарға қойылады.
«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5) немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате бар (5/6) немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) диктанттарға қойылады.
«2» баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады.
«1» деген баға қате саны «2» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан арттық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.
Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.

 

 


Мазмұндама және шығарма жұмыстарының
көлемі мен бағалау өлшемдері

Мазмұндама-оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптық толық ашылуы, баяндайу жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлеу құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.
Жоспар құру-оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс. Сондықтан бұл жинақта мазмұндамалардың үлгі-жоспарлары берілмейді.
Емтиханда әр мазмұндама мәтіні бойынша жоспар құру міндетті деп саналады.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, алекіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.
Шығарма- оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркінұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі. Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес) кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сонымен бірге материалды баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.
қ

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

1. Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей) толық аша білуі.
2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
3. Арттық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөздікке жол бермеу.
4. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес, басқаларға да түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы.
5. Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып, негізгі ой арқылы шебер байланысуы.
6. Шығарманың кіріспе мен қорытынды бөлімдері қоса алғанда тұтас жұмыстың ¼ бөлігіндей болуы қажет.
7. Міндетті түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жоспар болмауы себепті шығарманың бағасы кемітілуі мүмкін.
8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
9. Оқушының өз шығармасында әр түрлі көркем шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз екелтіруі, ауыз әдебиеті үлгілерінен, сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен өте шағын үзінділерді қисынымен қолдануы жоғары бағаланады, оның терең білімін танытады.
10. Шығармада қолданылған дәйексөздің қайдан алынғандығы айқын көрсетілуі және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуі, жалғастыруы қажет.
11. Шығарма жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек.
12. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой, көркем тілі, тілінің образдылығы, ой сергектігі, сезімталдылығы) бағаланады.
Шығарманың бағалануы туралы
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы.
2. Ой-пікірдің жүйелілігі.
3. Стилі.
4. Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы дәйексөздігі қолдана білуі, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.

 

 


Әдебиет бойынша

«5» деген баға:
— әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе;
— тақырыпқа толық әрі нақты жауап берсе;
— мәселені өзіндік ой-пікір тұрғысында дұрыс талдай білсе;
— ойын жүйелі желімен жаза білсе;
— тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болса;
— шығарма құрылысы ой жүйесіне сай шебер қиысып стиль бірлігі сақталса;
— фактілік қателер болмай, сөзді орынды қолдана білсе;
— қорытынды пікірі орынды, тиянақты болса.
Мазмұнында 1, тілінде 1 елеусіз қате болуы мүмкін.
«4» деген баға:
— жұмыс мазмұны негізінен тақырыпқа сай болса;
— әдеби тілмен жазса, бірақ ойын баяндауда бірен-саран дәлелсіздіктер жіберсе;
— қажетті қорытындылар мен түйіндемелерін дұрыс жасай алса;
— ой жүйесінің шамалы бұзылуы байқалса;
— стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі, бай болса.
Мазмұнында 2, тілінде 2-3 кемшілік болуы мүмкін.
«3»деген баға:
— тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса;
— материалды баяндау негізінен дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлелсіздіктер кездессе;
— баяндау желісі аздап бұзылса;
— сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса;
— стиль бірлігі сақталмаса, тілі солғын болса.
Мазмұнында 4 тілінде 5 кемшілік кездесуі мүмкін.
«2» деген баға:
-жұмыс тақырыпқа сай келмесе;
-көптеген фактілер бұрмаланса;
-шығарманының барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;
-сөздік қоры өте жұтаң, сөйлемдері қысқа, біркелкі, өзара байланыспаса, сөзді орнымен қолданбау жиі кездессе;
-стильдік біркелкілік сақталмаса.
Мазмұнында 6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін.
«1»деген баға:
-тақырыпты мүлде ашып жаза алмаса;
-мазмұнында 7 және тілінде 7-ден артық кемшіліктер кездессе.


Қазақ тілі бойынша

«5»деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қателері болса;
«3»деген баға: емле және тыныс белгілерінен 4-5 тен қателері болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
«2»деген баға: емле және тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6-дан 10-ға дейін қате жіберсе;
«1»деген баға: емле, тыныс белгілерінен қателер саны «2» деген баға нормасынан асып кетсе қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім портфолиосының құрылымы
Түсінік хат
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.
Мұғалім портфолиосы дегеніміз не? Бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары.
Қолданыстағы атауы: мұғалім портфолиосы, педагог портфолиосы, электронды портфолио
Мұғалім портфолиосын жасау. Бұл дәстүр қайдан пайда болған? Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.
Портфолио
· Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына;
· Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерленген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.
Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.
Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональді міндеттеріне:
· педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға;
· педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
· мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы);
Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.
Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама
«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
Сыртқы беті:
— фото (5х6),
— тегі, аты, әкесінің аты,
— диплом бойынша мамандығы;
— жұмыс орны, атқаратын қызметі;
— білім беру ұйымындағы еңбек өтілі,
— үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;
— аттестаттау парағы (Ереженің 8 — қосымшасына сәйкес формасы бойынша);
— жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі;
— білімі туралы диплом көшірмесі;
— ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;
— еңбек кітапшасының көшірмесі;
— бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
— мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;
— қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;
— алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша). Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері
Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):
— үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;
— дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
— алғыс хаттарының көшірмесі;
— сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:
— дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
— алғыс хаттарының көшірмесі;
-сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;

 

 

 

 

 

 


Білім көтеру жоспары (жобамен үйрету)
Бағыты № Іс — әрекет әдебиеттер мерзімі
1.Теориялық білімді жетілдіру 1 Әдістемелік-нұсқаулық хатпен танысу Әдістемелік-нұсқаулық хат қыркүйек
2 Жаңа бағдарламаларды оқу. Пәндер бағдарламасы қыркүйек
3 1-2-сыныптарға жаңа оқулықтармен күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру Оқулықтар,
әдістемелік құралдар қыркүйек
4 Заң және заңнамаларды оқу. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.08.1995), Еңбек кодексі (15.05.2007), «Неке және отбасы» туралы заң (17.12.1998), «Бала құқығы» туралы конвенция (8.08.2002), «Сыбайлас жемқорлық» туралы заң (2.07.1998) қазан
5 Пәндік әдістемелік журналдарды оқу «Бастауыш сынып», «Оқыту технологиялары», «Қазақстан мектебі», «Тәрбие жұмысы» журналдары үнемі
6 Оқытудың педагогикалық технологиясы үздіксіз
2.Тәжірибелік шеберлікті дамыту 7 Арнайы ұйымдастырылған курстардан өту, курс аралық қалалық семинарларға қатысу семинарларға Жоспар бойынша
8 Білім көтеру курстарынан өту Жыл бойы
9 Ақпараттық коммуникативтік технологияларды зерттеу «Педагогикалық технологиялар» журналы,баяндамалар әзірлеу Жыл бойы
3.Жаңашыл іс-тәжірибемен танысу 10 Интерактивті тақтамен жұмыс істеуді оқып үйрену Active Inspire Studio бағдарламасын меңгеру Жыл бойы
11 Озық ұстаздармен тәжірибе алмасу жыл бойы
12 Қалалық семинарларға қатысу, практикада қолдану ««Сарыарқа дарыны» шағын жоба жасау, Интернет -олимпиадаға қатысу жыл бойы
4.Мектепішілік іс-шаралар 13 Ғылыми–практикалық конференцияларға баяндамалар даярлау: «Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерінің гуманитарлық бағытты пәндерде оқыту нәтижесі», «Оқушылардың ақпараттық білім алу ортасының құзырлығын дамыту», «Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану» жыл бойы
14 Мұғалімдердің сабағына қатысу жыл бойы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кабинетке қойылатын талаптар

1. Оқу құралдары, техникалық және көрнекі құралдар мен оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер және дидактикалық материалдары бар, қызметтік бағыты айқын көрсетілген қазақ тілі және әдебиет кабинетінің төлқұжаты болуы тиіс.
2. Оқу жылына арналған бастауыш сынып кабинетінің мектеп директоры бекіткен жоспары.
3. Бастауыш сынып кабинетінде сабақ жүргізуге берілген акт-рұқсатнама.
4. Пән бойынша оқу бағдарламасын орындауға қажетті оқу жабдықтар мен техникалық құралдар кешені
5. Бастауыш сынып оқулықтары, диктанттар мен мазмұндамалардың, тестілеу тапсырмалар жинақтары және оқыту үрдісінің сапасын анықтауға арналған басқа да материалдар.
6. Оқушылар орындаған жазба жұмыстарының, рефераттардың, баяндамалардың, кесте мен сызбалардың және шығармашылық еңбектерінің жиынтығы.
7. Бастауыш сынып оқыту барысында пайдаланатын тұрақты және ауыстырмалы оқу-ақпараттық стенд материалдары.
8. Оқу жұмысын жобалау (сынақ, тестілеу, жаттығу жұмыстары бойынша оқушыларға арналған нұсқаулар)
9. Бастауыш сынып кабинетіндегі жабдықтармен оқытудың техникалық (аудио, бейне) құралдары көрсетілген инвентары кітабы.
10. Кабинеттің қазіргі замандық талаптарға сай талғампаздықпен жабдықталуы.
11. Дәрі-дәрмектер қобдишасы
12. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мен оқытудың жаңа технологияларын енгізуді тәртіпке келтіруші нормативтік құжаттардың (Мемлекеттік стандарт, ҚР бастауыш сынып пәндерін оқыту бағдарламаларының, нұсқау хаттардың) кабинетте болуы шарт

 

 

 

 

Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер
1.Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.
2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.
3.Оқу матералын талдаңыз.
4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.
5. Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.
6.Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.
7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.
8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
11. Өзіңізді тексеріңіз.
→ а/ сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;
→ ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;
→ б/ қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптастыру керек;
→ в/ берілген материалды оқу барысында оқушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.

1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын /жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,
ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз.Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз
2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.
3. Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді ? деген сұрақты қоймаңыз.Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік- тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
4. Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.
5. Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.
6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.
7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.
8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.
9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз.Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
10.Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.
11. Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада
тәртіпке шақыру — мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.
12.Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
14. Н.А.Добралюбованың «Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім – бұл әділ мұғалім» деген сөзін есте сақтаңыз.


Жас маманды сабақ түрлері және оның құрылымымен таныстыру

Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар
1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:
1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Коммуникативті бағдары
7. Даралап оқыту
8. Ана тіліндегі оқытылуы
9. Жеке дара оқыту


Сабақты талдау әдістері мен түрлері
Педагогикалық сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің құрлымын, білім сапасын, оқытушының кәсіби біліктілігін анықтау, болып табылады.
Оқушылардың білім, білік іскерлігі мен сабақты талдаудың мақсаты:
-оқушыларды кәсіби мамандықты игеру деңгейі, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқыту процесінің мазмұндылығын анықтап, оған нұсқау беру;
-оқу-тәрбие процесінің құрлымымен мазмұның анықтау;
-оқушылардың білім, білік, дағды,іскерлік сапасын, деңгейін бақылау;
-мұғалімнің не шебердің кәсіби біліктілігін анықтау;
-мұғалімге нұсқау, педагогикалық шеберлікке жетуге көмек беру;
-мұғалімнің жетістігін анықтау, және оны жариялау
-мұғалімнің кемшіліктерінің себебін анықтау,оны жоюға көмектесу
-мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты талдау барысында оқытушының немесе оқу шеберінің, оқушының сабақтың іс-әрекетін төмендегі көрсеткіштермен талдайды.
Оқытушы немесе оқу шебері:
-ұйымдастыру мақсатын дұрыс және айқын қоюы;
-теориялық білімділігі;
-педагогикалық мәдениеті;
-уақытты тиімді пайдалануы;
-сабаққа тиімді және жаңа әдістерді қолдануы;
-оқушыға жеке дара көңіл бөлуіді іске асыруы;
-көрнекі, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдалануы;
-оқушылар білімін дұрыс бағалай біліуі;
-сабағын өзіндік талдауы.
Оқушылардың сабаққа қатысуы:
-оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі;
-білімі дайындығы;
-жан-жақтылығы, логикалы ой-дәрежесі;
-практикалық, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті;
-тәртібі мәдениеті, киіну мәдениеті;
-оқу-құралдарының сапасы.
Сабақтың өтілу барысы:
-сабақтың тартымдылығы;
-жаңалығы,өмірмен байланысы,ғылымилығы;
-интенсивтілігі,тиімділігі;
-оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілетін арттыру;
-сабақтың жүйелілігі, сабақ құрлысының сақталуы;
-сабақтың нәтижелігі,оқушы нені қаншалықты үйренгендігі;
-үй тапсырмасының, берілуі, мөлшері,эстетикалық,
-санитарлық –гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Оқытушылар өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа еніп,теориялық және практикалық сұрақтардан, сабақтың түрі мен әдісі жағынан,оқу-тәрбие жұмысының нәтижесімен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, қажет жағдайда озық тәжірибесін өз сабағына пайдаланып,үйренеді.
Оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақты талдауы төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асады:
-оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттері;
-сабақтың негізгі құрлысы;
-оқу-материалды тиімді іріктеу;
-оқыту әдісін үйлесімді таңдап алу;
-оқушының жалпы білім, дағды деңгейі;
-оқыту әдісін даралауды жүзеге асыру;
-көрнекілік ожәне техникалық оқу құралдарын пайдалану;
-пәнаралық дайланыс және өмірмен байланыс;
-үй тапсырмасының берілуі;
-оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі,ұйымшылдығы,белсенділігі;
-уақытты тиімді пайдалануы;
-эстетика, санитарлық-гигеналық шарт;
-моралды-психологиялы ахуал
-Сабаққа деген талаптардың орындалуы.
Сабақты талдау парағында пән аты, тобы, қатысқан күні, оқытушының аты-жөні, сабақтың тақырыбы жаылады. Талдау соңында өткізген сабаққа жалпы пікір, ұсыныстар мен қорытындылар жазылады.

 

Сабақтың диагностикалық картасы
Мектебі _______________________
Мұғалімі ______________________
Пәні__________________________
Сыныбы ______________________

мотивация Сабақтың мақсатын айқындау
Сабақтың міндетінің дұрыс қойылуы
Оқушының сабақтың міндетінің дұрыс түсінуі
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
Сабақтың мазмұндық компоненті Сабақтың мақсаты мен міндетінің сәйкестігі
Сабақтың ғылымилығы
Сабақты түсінуге оңтайлығы
Сабақтың жүйелілігі
Сабақтың дәлдігі және мөлшері
Уақытты тиімді пайдалануы
Сабақтың сарамандық бағыты
Сабақтың тәрбиелілігі
Сабақтың дамыту мүмкіндігі
Сабақтың жүзеге асыру компоненті Сөздік қоры
Көрнекіліктер арқылы түсіндіру
Оқушының түсінуі, қабылдауы
Ішінара зерттеу
Проблемалығы
Сабақтың ұйымдастырылуы, жүргізілу тәртібі
Танымдық көзқарасын жетілдіру
Сабаққа ынталандыру қабілеті
Бірін-бірі бақылау
Өзін-өзі бақылау
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс
Бағалау. қорытынд Бақылаудың уақытында өткізілуі
Оқу үрдісінің жинақтылығы
Қойылған бағалардың нақтылығы
Сабаққа педагогикалық талдау жасалу
Оқытудың алдағы міндеттерін болжауы

 

Қатысқан күні ____________
Қатысқан мақсатыңыз _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты талдау ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *