ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАРСЫЛАС ЕЛДЕР
ҚОЛДАНАТЫН «УЗ»-ДЫҢ ТҮРЛЕРІ. БИНАР ҚАРУЫНЫҢ
ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ. ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖЕРДІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ — ТАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Химиялық қару дегеніміз — әсері үлкен апатқа ұшырататын қару. Химиялық қару — улы заттар (УЗ) мен оны жеткізетін құралдар. Улы заттар (УЗ) дегеніміз — ол химиялық заттар. Жауға қарсы қолданғандағы әсері — әскердің тірі күшін жояды, немесе әлсіретеді, мұнымен қоса жануарларға әсерін тигізеді, малдың жемін, жер, су, тамақты ластайды, өсімдіктерді жояды.
Химиялық қарудың бір ерешелігі — оны дайындықсыз-ақ, жауға қарсы күтпеген жерден қолдануға болады. Химиялық қаруды қолданғаннан кейінгі нәтижесі, оның (УЗ) жаппай қыратын қару екендігіне, физикалық-химиялық қасиеттеріне, улылығына да, ауа-райының жағдайына да байлынысты болады. Химиялық қарудың зардабының аз болуы, біздің оған қарсы қорғанысты қалай ұйымдастыруымызға да байланысты.
«УЗ»-ды белгіленген жерге түсіретін, және жеткізетін құралдар: авиациялық бомба және құйылмалы авиаприборлар, артиллериялық химиялық снарядтар, реактивтік снарядтар, миналар, химиялық зымырындар, ұшақ снарядтар, жердегі қарулар — химиялық фугастар, жерді ластайтын химиялық гранаталар, улы түтін тостағаншалар.
Қарсылас мемлекеттер — басқармалы және басқарусыз зымыранмен қарулануы мүмкін, олардың бас жағы 200 кг — ға дейін ФОЗ-мен толтырылған болады. Алғашқы рет, химиялық қаруды бірінші дүниежүзілік соғыста Германия әскерлері қолданды. Бұл соғыста екі жақтың да химиялық қаруды қолдануы салдарынан 1296000 адам шығын болды.
Жіктелуі бойынша химиялық УЗ мыналарға бөлінеді:
1. ФОЗ, құрамында мышьяк бар заттарға, сульфидтерге, галойдандырылған қышқылдарға және құрамында фторы бар қосылыстарға.
2. У- дың физикалық жіктелуі. УЗ- дың тамған немесе түскен жерінде қанша уақытқа дейін өзінің зақымдау күшін сақталуына байланысты, оларды тұрақты және тұрақсыз деп бөледі.
Тұрақты улы заттардың қайнау Т0-биіктігі (1500- тан жоғары). Бұл улы заттарға барлық тері арқылы әсер ететін және фосфор органиқалық улар жатады (зариннан басқасы). Бұл (УЗ) жер бетінен өте жай ұшады және олар суда ерімейді деуге болады. Сондықтан да олар жер бетінде ұзақ уақыт сақталады, жазда — бірнеше күннен, айға дейін әсерлік ететін күшін жоймайды.
Тұрақсыз улы заттар дегеніміз — қайнау температурасы төмен, буының тығыздығы жоғары, ауада тез ұшатын заттар. Бұл УЗ-тар жерден сәл жоғары ауаны ластауға арналған. Оларға мынандай УЗ жатады: синилдік сутегі қышқылы, хлорциан, фосген т.б. тез ауада ұшатын заттар. Қазіргі уақытта УЗ — дың тұрақтылығын өзгертетін бірнеше тәсіл бар.
Мысалы: Каучук және каучукке ұқсас заттар арқылы иприттің тұрақтылығын жоғарылатуға болады. Осыған қарама-қарсы ФОЗ-ды аэрозольға айналдырып, оның әсерін тұрақсыз етуге болады.
Жерге және басқа құрал-жабдыққа түскен УЗ, әртүрлі агрегаттық түрде мынадай жолдармен (адсорбция, хемосорбция, абсорбция) топыраққа сіңеді және жер бетіндегі құрал-жабдықтарға сорылады. Кейін бірте-бірте олардың бетінен ұша бастайды.
Бұл жағдайда- ластанудың тығыздығы деп бір көлемге кеткен УЗ-дың мөлшерін айтады (мг/м).